Сынып жетекшінің стратегиялық рөлі

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыруда сынып жетекшісінің стратегиялық рөлі
1 / 12
next
Slide 1: Slide

This lesson contains 12 slides, with text slides.

Items in this lesson

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыруда сынып жетекшісінің стратегиялық рөлі

Slide 1 - Slide









        Тәрбиесіз берілген білім - бұл баланың тұлғалық дамуында маңызды болатын моральдық құндылықтарды ескермейтін білім беру. Мұндай білім тек ақыл-ойды дамытумен ғана шектеліп, баланың эмоционалдық және адамгершілік қасиеттеріне мән берілмейді. 

        Тәрбие мен білім бір-бірімен тығыз байланысты. Білім     беруде тек фактілер мен теорияларды үйрету ғана емес,   сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру,   жауапкершілік, еңбекқорлық, өзара сыйластық пен адалдық   секілді қасиеттерді дарыту да маңызды.
      Тәрбиесіз білім беру адамның ішкі әлеміне, моральдық   принциптеріне әсер етпейді, нәтижесінде мұндай білім алып   шыққан тұлға қоғамға өз әрекеттері арқылы көп қиындықтар   туғызуы мүмкін. Мысалы, білімді адам дұрыс моральдық   шешімдер қабылдай алмайтын болса, ол өзінің алған білімін   қоғамға қарсы мақсаттарға қолдануы мүмкін. 
    Тәрбие біліммен бірге жүрмеген жағдайда, адам өз іс-   әрекеттерінде тек ақылға сүйеніп, эмоциялар мен   адамгершілік құндылықтарды ескермейді.

Slide 2 - Slide

                             Тәрбиесіз білімнің салдары:
Қоғамдық жауапкершіліктен тыс болу 
Білім алған тұлға, егер оған дұрыс тәрбие берілмесе, қоғамға пайда келтіретін емес, керісінше зиянды іс-әрекеттерге бара алады.
Адамгершілік қасиеттерінің жетіспеушілігі
 Тәрбиесіз білім алған тұлға өз әрекеттеріне, әсіресе басқа адамдарға қатысты, жауапсыздық танытуы мүмкін. Бұл оның жеке өмірінде қиындықтар тудыруы ықтимал.
Әлеуметтік дағдылардың төмендігі: Тәрбиесіз білім алған бала қоғамда өз орнын таба алмайды. Өзара қарым-қатынаста қиындықтар туындап, тұлғалық дағдылар жетіспеуі мүмкін. Мысал: Айдар есімді жасөспірім бала кезіндегі мұғалімнен тек теориялық білім алған, бірақ тәрбие мен өмірлік дағдыларды меңгермеген. Ол оқуда жақсы нәтиже көрсетіп, математиканы жақсы меңгереді. Алайда оның жеке тәртібі мен моральдық құндылықтары жеткіліксіз болады. Ол достарымен ұрсысып, мектепте агрессивті мінез-құлық көрсетіп жүрді.
         Айдардың ата-анасы баласының тәртібі туралы мұғаліммен бірнеше рет әңгімелеседі, бірақ оның тек білім алуына ғана мән беріп, тәрбие мәселелері назардан тыс қалады. Тәрбиесіз берілген білім Айдардың өмірінде үлкен қиындықтарға алып келді. Ол қоғамда өз орнын таба алмай, достарымен, мұғалімдермен, тіпті өз отбасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмай жүрді. Бұл мысал Тәрбиесіз берілген білім біртұтас тұлғаның қалыптасуына жеткіліксіз екенін дәлелдейді.
     Тәрбие адамға тек білім емес, сонымен қатар оны дұрыс қолдану жолдарын үйретеді. Егер білімге тәрбиені қосатын болсақ, онда біз баланы тек ақылмен емес, жүрегімен де оқыта аламыз. Бала білім алу арқылы әлемді жақсырақ түсінуге, ал тәрбие арқасында оны жақсартуға тырысады. Сондықтан, білім мен тәрбие бір-бірін толықтырып, келешек ұрпаққа жарқын жол ашуға көмектеседі.

Slide 3 - Slide

     Сынып жетекшісінің стратегиялық рөлі 
    Баланы тәрбиелеуде сынып жетекшісі тек білім беруші ғана емес, баланың жүрегіне жол таба білетін, бағыт-бағдар көрсететін, тұлға болып қалыптасуына жол ашатын жетекші тұлға.  Сынып жетекшісінің стратегиялық рөлі – оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруда бағыт-бағдар беретін жетекші болу.  Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде сынып жетекшісінің рөлі тек орындаушы емес, стратег, көшбасшы, жаңашыл тұлға ретінде көрінуі тиіс. Болашақтың саналы, отансүйгіш, мәдениетті ұрпағын тәрбиелеу – осы маңызды рөлді табысты атқаруға байланысты.

Slide 4 - Slide

Slide 5 - Slide

            СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

Мақсаттылық – нақты бір мақсатқа жетуді көздейді.
Жоспарлылық – әрбір қадам алдын ала ойластырылып жасалады.
Ұзақ мерзімділік – бұл қысқа емес, болашаққа бағытталған жоспар.
Икемділік – жағдай өзгерсе, стратегияны да өзгертуге болады.
Бәсекелестік артықшылыққа ұмтылу – ең тиімді жолды табуға бағытталған.

Сынып жетекшісінің стратегиясы: Тәрбиелік жұмыс жоспарын жасап, оқушылардың қызығушылығына қарай іс-шаралар ұйымдастырады. Мақсаты – тәрбиелі, белсенді, адамгершілігі мол ұрпақ қалыптастыру.

Стратегия – бұл жалпы бағыт, ұзақ мерзімді мақсат пен оған жетудің үлкен жоспары.
Мысал: Сіз бір орманнан өтіп, екінші жақтағы ауылға жеткіңіз келеді. Стратегия – қай жолмен жүресіз (оң жақпен бе, сол жақпен бе), қай уақытта шығасыз, неге сол бағыт тиімді – осының бәрін алдын ала ойластыру.
Тактика – бұл сол стратегияны жүзеге асыру үшін қолданылатын нақты әрекеттер, қысқа мерзімді қадамдар. Мысал: Орманнан өткенде:
Қай ағаштың жанынан өтем,
Қайда тоқтап демалам,
Қандай құрал пайдаланам (шам, карта, компас т.б.) – міне, бұл тактикалық шешімдер.

Slide 6 - Slide

Стратегия – бағыт.  Тактика – нақты қадам.
Сынып жетекшісі ретінде сіздің стратегиялық көзқарасыңыз болмаса, жұмысыңыз шашыраңқы, бірізділіктен алшақ болады.
Ал тактикалық тәсілдеріңіз болмаса – керемет мақсаттар жай сөз болып қалады.

Slide 7 - Slide

Сынып жетекшісі туралы сауалнамалық тест нәтижесі
Көбіне "a" жауабы: Сіздің сынып жетекшіңіз өте жақсы жұмыс істейді, оқушылармен тығыз байланыста, оларды қолдап, көмектеседі.
Көбіне "b" жауабы: Сынып жетекшісі оқушыларға көмек көрсетеді, бірақ кейде оның назарын тартуға немесе оның көмегін алуға қиындықтар туындауы мүмкін.
Көбіне "c" жауабы: Сынып жетекшісінің көмек көрсету деңгейі орташа. Ол кейде көңіл бөледі, бірақ кейбір маңызды мәселелер ескерілмейді.
Көбіне "d" жауабы: Сынып жетекшісінің жұмысында елеулі қиындықтар бар, ол оқушыларға қажет болатын қолдау мен көмекті жеткіліксіз көрсетеді.

Slide 8 - Slide



Екеуі де бір-бірінсіз іске аспайды. Жақсы стратегия болмаса – әрекет жүйесіз болады, ал нақты тактика болмаса – арман тек қиял болып қалады

Slide 9 - Slide

Slide 10 - Slide

Біртұтас тәрбие бағдарламасының бағыттары 
мен сынып жетекшісінің атқарар рөлі
1.Тәуелсіздік және отаншылдық. «Әр азамат Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес, нақты іспен көрсетуі қажет. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең сезініп, оны бағалай білуі керек ...»
2. Бірлік және ынтымақ. «Біздің күшіміз – бірлікте, ынтымақта. Сондықтан әрбір азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс. Халқымыздың қанына сіңген жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер біздің ұлттық ерекшелігіміз болып қала береді ...»
3. Әділдік және жауапкершілік. «Барлық салада әділдік болса, әлеуметтік теңдік орнайды, татулық пен келісім  нығая түседі. Әркім өз ісіне, міндетіне жауапкершілікпен қараса, жеке азамат та, бүкіл ел де табысқа жетеді. Әділдіктің қуаты – осында ...»
4. Заң және Тәртіп. «Заң алдында – бәрі бірдей. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуге тиіс. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тыйым салынады ...»
5.Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. «Өз кәсібін өте жақсы білетін, оған әбден берілген, еңбекқор адам ғана табысқа жете алады. Ең бастысы – адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу ...»
6. Жасампаздық және жаңашылдық. Озық дамыған мемлекет құру үшін біздің азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы керек. Қазақстан жаппай цифрланған және жасанды интеллект жүйесі қарқынды дамыған елге айналуға тиіс. Бұл – біздің стратегиялық міндетіміз.

Slide 11 - Slide

Тәрбие сағатының тақырыбы: 
       «ОТАНЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ»
                  «Әр азамат Отанға деген   
            сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес,   
           нақты іспен көрсетуі қажет.
     Тәуелсіздік – бұл елдің өз ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізуі, басқа мемлекеттерге тәуелді болмауы.
     Отаншылдық – бұл өз еліне деген сүйіспеншілік, туған жерге деген құрмет, оның дамуына үлес қосуға деген ұмтылыс. Отанға деген сүйіспеншілік – ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи мұраны құрметтеу, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесіңді қосу

Отанға деген сүйіспеншілік:
 - туған жерді сүю;
 - тілге құрмет көрсету;
 - тарихты білу және құрметтеу;
 - мемлекеттік рәміздерді құрметтеу;
 - қоғамға көмек көрсету;
 - жергілікті салт-дәстүрді сақтау;
 - қоғамдық тәртіпке бағыну;
 - экологиялық шараларға қатысу;
 - сапалы білім алуға ұмтылу

Slide 12 - Slide