Тәрбие жұмысында сынып жетекшісінің басты стратегиясы не? Тәрбие жұмысында сынып жетекшісінің нақты, тиімді стратегиясы болуға тиіс. Сынып жетекшісінің басты стратегиясы: Әр оқушының жеке қабілетін, мінезін, қызығушылығын ескере отырып жұмыс жүргізу. Стратегия: "Әр оқушы – бір әлем" қағидатын ұстану. Сынып жетекшісі сол оқушының ерекшелігін ескере отырып:
Қиын жағдайдағы балаға – қолдау,
Дарынды оқушыға – бағыт,
Ұяң оқушыға – сенім беруі тиіс.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Тұлғалық өсу картасын жүргізу
Құндылықтар арқылы әсер ету: адамгершілік, әділдік, жауапкершілік, отансүйгіштік сияқты тұрақты құндылықтарды бойына сіңіру.
Стратегия: Сынып жетекшісі оқушыға құндылықты үйретпейді, оны сіңіреді». Сіңіру жолдары: тәрбие сағаттары арқылы және тек сынып сағатында ғана емес, пәндерде де жалғастыра беремін. Құндылықтар оқулық мазмұны арқылы да беріліп отыруы керек (мысалы, әдебиет сабағында адалдық, тарихта патриотизм, биологияда табиғатты сүю). Ойын, драма, ситуациялық тапсырмалар арқылы да: оқушыны рөлге енгізіп, құндылықты іс-әрекет арқылы сезінуіне мүмкіндік беру (Мыс: «Егіннің бастары» диалог, Сиқырлы қалам ертегі) Сабақтағы тақырып пен тәрбие сағаттары бір-бірімен байланысты болса, әсері тіпті артады. Стратегия: "Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы бір мақсатта болуы керек." Ата-анамен тұрақты және сенімді серіктестік орнату - табыстың негізі. Сынып жетекші тек балаларды ғана емес, өзін де дамытып отыруы қажет. Қай істің тиімді болғанын, не нәрсе нәтиже бермегенін бағалау – жетістік кепілі.