ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ
ТИПТЕРІ
ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ
ТИПТЕРІ
Біздің айналамызда қандай химиялық реакциялар жүріп жатыр?
Оқу мақсаттары:
8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу
Химиялық реакциялар
Химиялық реакциялар - бұл жаңа заттар түзілетін құбылыстар.
Химиялық реакцияларды келесідей жіктеуге болады: қосылу, ыдырау (айырылу), орынбасу және алмасу реакциялары.
1. Қосылу реакциясы
Қосылу реакциясы кезінде екі не одан да көп заттар әрекеттесіп, бір қосылыс пайда болады.
Мысалы, күкіртті жақсақ (ол көптеген жанғыш отындар ішінде бар), ол оттекпен әрекеттесіп, күкірт диоксидін түзеді:
S + O2 → SO2
Ал, күкірт диоксиді SO2 оттекпен O2 қосылып, күкірт триоксидін SO3 бөледі:
2SO2 + O2 → 2SO3
Ең соңында, түзілген күкірт триокиді SO3 ауадағы сумен H2O әрекеттесіп, күкірт қышқылын H2SO4 түзеді:
SO3 + H2O → H2SO4
Күкірттің жануы
1. Қосылу реакциясы
Реакцияның бұл түрінде бірнеше зат бірігіп, бір күрделі қосылыс түзеді, бұл реакция типі қосылу реакциясы деп аталады.
Қосылу реакциясының сызбасын мына түрде келтіруге болады:
2. Айырылу (ыдырау) реакциясы
Су бойынан электр тогын өткізген кезде, су молекулалары сутек пен оттек молекулаларына ыдырайды:
2H2O → 2H2 + O2
Күрделі қосылыстан жай заттар бөлініп шығатын реакция түрі айырылу (ыдырау) реакциясы деп аталады.
Айрылу реакциясының жалпы сызбасы:
Су электролизі
3. Орынбасу реакциясы
Металдарды оксидтерінен тотықсыздандырып, бөліп алу орынбасу реакциясына мысал болып табылады. Тотықсыздандырғыш ретінде көбіне CO мен H2 газдары қолданылады. Мысалы, магнетит минералына сутек қосып қыздыру арқылы таза темір металын алуға болады:
Fe3O4 + 4H2 → 3Fe + 4H2O
Жоғарыда көрсетілген реакцияда Fe3O4 қосылысынан сутек темірдің орнын басып, су мен темірді түзеді. Бір заттың екінші затты ығыстырып, орнын басып әрекеттесуі орынбасу реакциясы деп аталады.
Орынбасу реакциясының сызбасы:
Темірдің мыс сульфатымен әрекеттесуі
4. Алмасу реакциясы
Алмасу реакциясында қосылыстардың құрамындағы бөлшектер өзара алмасып, екі жаңа қосылыс түзеді. Мұндай реакцияларда екі әрекеттесуші заттар екі өнім түзеді.
Алмасу реакциясын жалпы түрде былай көрсете аламыз:
Мысалы, калий хлориді KCl ерітіндісі мен күміс нитраты AgNO3 ерітінділері өзара әрекеттескенде атомдары алмасып, жаңа қосылыстар - күміс хлориді AgCl мен калий нитраты KNO3 пайда болады:
KCl + AgNO3 → KNO3 + AgCl
Күміс хлориді тұнбасы
Металдың әртүрлі қышқылдармен реакциясы
Бекіту тапсырмасы:
Төмендегі реакция теңдеулерін жіктеңіз:
a. Fe(қ) + 2HCl(ер.) → FeCl2(ер.) + H2(г)
b. Pb(NO3)2(ер.) + Na2SO4(ер.) → 2NaNO3(ер.) + PbSO4(ер.)
c. 2K(қ) + Cl2(г) → 2KCl(қ)
d. MgI2(ер.) + Br2(с) → MgBr2(ер.) + I2(с)