Газдардағы қысым
Газдардағы қысым
- газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;
- атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
Оқу мақсаты:
‹#›
Неліктен мұндай шарларға от қажет?
‹#›
Газ қысымы қалай пайда болады?
Газ молекуларының қалай орналасатынын және қозғалатынын еске түсірейік.
Газ молекулары бір-бірінен алшақ орналасады. Олар үздіксіз және бейберекет қозғала отырып, бір-бірімен және газ толтырылған ыдыс қабырғаларымен үнемі соқтығысады. Газ молекулаларының ыдыс қабырғасымен соқтығысуынан газдың қысымы пайда болады. Егер шардың ішіне тағы ауа (газ) үрлейтін болсақ, газдың қысымы артады. Нәтижесінде, шардың көлемі ұлғаяды.
‹#›
Жер атмосфера деп аталатын ауа қабығымен қоршалған. Атмосфераны Жердің тартылыс күші ұстап тұрады. Атмосфераны құрайтын ауа (газ) молекулалары жылдам қозғалады, әрі Жердегі барлық денемен соқтығысады. Сонымен қатар ауырлық күші ауа молекулаларын төмен қарай тартады. Осылайша, атмосфера Жерде қысым тудырады.
Атмосфералық қысым жоғары көтерілген сайын төмендейді:
ауа молекулаларының саны азаяды.
ауа салмағы азаяды.
жер бетінің үстінде ауа аз болады.
‹#›
Атмосфералық қысым
Ауа райы атмосфералық қысымға тікелей байланысты. Төмен қысым белгілі аймаққа ауысқанда бұлт пайда болады. Жел тұрып, жауын-шашынға ұласады. Жоғары қысымда айтарлықтай ауа райы өзгермейді. Сол себепті атмосфералық қысымды өлшеу маңызды.
‹#›
Атмосфералық қысым
Тәжірибе:
Вакуумдық шыны түтік сынапқа батырылған. Түтіктегі сынап деңгейі көтерілді.
Неліктен?
Сыртқы ауа сынап бетіне қысым түсіреді.
Түтіктің жоғарғы жағында вакуум бар (қысым ≈ 0).
Сондықтан ауа қысымы түтіктегі сынап бағанының қысымына тең.
Қорытынды:
Ауаның қысымы түтіктегі сынап бағанының биіктігімен өлшенеді.
‹#›
Атмосфералық қысым (Торричелли тәжірибесі)
Атмосфералық қысым = 760 мм сынап бағаны
(мм сын.бағ.)
0 °C-тағы бұл мән қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.
‹#›
Атмосфералық қысымның мәні
Атмосфералық қысымды өлшейтін аспапты барометр деп атайды. Оның бірнеше түрі бар. Сифон барометр мен анероид барометр ескі барометрге жатады.
‹#›
Қысымды өлшейтін аспаптар
Жоғары көтерілген сайын ауа қысымы азая бастайды. Ал теңіз деңгейінен төмендеген сайын, ауа қысымы артады.
Биік тауға шыққанда, сенің үстіңдегі ауаның мөлшері аз болады. Әр 105 метр көтерілу, ауа қысымының мәнін 1 см сынап бағанына (1 cм сын.бағ.) төмендетеді. Сол себепті адамдар барометр көмегімен таудың биіктігі және ұшақпен жердің арақашықтығын анықтай алады.
‹#›
Атмосфералық қысым
‹#›
Неліктен су көтеріледі?
‹#›
1. Неліктен атмосфералық қысымды өлшеу керек?
2. Атмосфералық қысымды қалай өлшейміз?
3. Берілген мәндерді қажетті мәндерге түрлендіріңіз.
a. 190 cм сын.бағ. = ……….. атм
b. 0.4 атм = ………. cм сын.бағ.
c. 2.5 Н/м2 = ………… Па
d. 200 000 Па = ………. cм сын.бағ.
e. 0.04 бар = ……….. мм-рт.ст.
f. 114 см сын.бағ. = ………..атм
Бекіту тапсырмалары