қорық ісі 7 сро

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар– экотуризмдік мекен.
1 / 18
next
Slide 1: Slide
ҚорықUniversity

This lesson contains 18 slides, with interactive quizzes, text slides and 1 video.

time-iconLesson duration is: 40 min

Items in this lesson

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар– экотуризмдік мекен.

Slide 1 - Slide

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Үстірт жазығы. Үстірт – Қазақстанның батыс бөлігіндегі кең жазық, терең шатқалдар мен әктасты төбелері бар шөлейтті өңір.
Құрылған жылы: 1984 жыл. Қорық табиғи ландшафттарды, флора мен фаунаның сирек түрлерін қорғау мақсатында құрылған.
Ауданы: 223,000 гектар. Бұл аймақ өте кең, оған шөлейт, әктасты таулар, шатқалдар мен үңгірлер кіреді.
Ландшафтық ерекшеліктері:
  • Әктасты таулар мен шатқалдар, жартастар, терең аңғарлар
  • Құрғақ шөлейт жерлер мен кейбір шөлгектік өсімдіктердің орны
  • Палеонтологиялық және геологиялық ескерткіштер
Климат: Қатты шөлейттік климат, жазда ыстық, қыста суық, жауын-шашын аз

Slide 2 - Slide

Экотуризм мүмкіндіктері
Жаяу серуендеу:
  • Қорықтағы шатқалдар мен әктасты төбелерді, үңгірлерді зерттеу
  • Туристерге табиғатпен тікелей байланыс жасауға мүмкіндік
Ғылыми зерттеулер:
  • Қорық аумағында флора мен фаунаны зерттеу
  • Құстар мен эндемик өсімдіктерді бақылау
  • Экологиялық экспедициялар мен студенттік зерттеулер
Палеонтологиялық ескерткіштерді зерттеу:
  • Ежелгі жануарлар қалдықтары мен тасқа қашалған суреттер (петроглифтер)
  • Қазба жұмыстары мен археологиялық зерттеулер
Фото-турлар және табиғатпен танысу:
  • Көркем ландшафттар мен шатқалдарды фотосуретке түсіру
  • Туристік маршруттар арқылы табиғат сұлулығын сезіну

Slide 3 - Slide

Маңызы
Сирек кездесетін флора мен фауна:өсімдіктің 336 түрі, сүтқоректілердің 29 түрі, құстардың 166 түрі кездеседі.
Қорықта шөлге бейімделген эндемик өсімдіктер мен жануарлар мекендейді.Өсімдіктер:Жусан түрлері – шөлге бейімделген, эндемиктердің бірі
  • Сораң – тұзды шөлді жерлерде өседі
  • Бұйырғын – шөлге тән эндемик түр
  • Берік сүттіген
Жануарлар:Шөл кесірткелері – Үстірттің шөлейттік ландшафында мекендейді,қарақұйрық,арқақ,т.б.
  • Шөл тышқандары мен ұсақ кеміргіштер – эндемик немесе сирек кездесетін түрлер
Құстардан бүркіт,жорға дудақа,дала қыраны,сұр тырна т.б.
Палеонтологиялық ескерткіштер:
  • Ежелгі жануарлар қалдықтары мен тасқа қашалған суреттер (петроглифтер) бар.
  • Ғылыми зерттеулер үшін өте құнды, тарих пен табиғатты байланыстырады.
Табиғатты қорғау және экологиялық ағарту:
Қорық экотуризм арқылы табиғатты қорғауды насихаттайды.
Туристер мен студенттерге табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті үйретуге мүмкіндік береді.

Slide 4 - Slide

Бозжыра шатқалы (Бозжыра каньоны)
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Үстірт қорығының аумағында, Ақтау қаласынан шамамен 300 км жерде.
Географиялық орналасуы: Үстірт платосының оңтүстік-шығыс бөлігінде.
Бозжыра шатқалының тарихы
Миллиондаған жыл бұрын қазіргі Маңғыстау өңірінің орнында көне Тетис теңізі болған.Бұл аймақтың негізін құрайтын әктасты және борлы шөгінділер кемінде 5–10 миллион жыл бұрын (кей дерек теңіз тартылғаннан кейін 1–2 миллион жыл ішінде) қалыптасқан деп есептеледі.Сол теңіз тартылып, түбінде жиналған әктасты және борлы шөгінділерден Бозжыра шатқалы пайда болған.Жел мен судың эрозиялық әсерінен қазіргі мұнара тәрізді әктасты жоталар мен қыраттар түзілген.
Аймақ ежелгі жануарлардың (теңіз жәндіктер, моллюскалар) фоссилияларын бай.Палеонтологиялық ескерткіштер:Ежелгі жануарлар қалдықтары
Тасқа қашалған суреттер (петроглифтер)
Бозжыра шатқалы – Үстірттің геологиялық және палеонтологиялық маңызды бөлігі

Slide 5 - Slide

Slide 6 - Slide

Қорытынды
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстанның табиғи және ғылыми құндылығын сақтайтын, экотуризм үшін тартымды аймақ. Табиғатқа зиян келтірмей, оны зерттеу және тамашалау арқылы адамдарға білім беру мен жергілікті қоғамға пайда әкелуге болады.

Slide 7 - Slide

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы қай облыста орналасқан?
A
Астана
B
Маңғыстау
C
Көкшетау
D
Атырау

Slide 8 - Quiz

Қорықта қандай зерттеулер жүргізіледі?
A
тек геологиялық
B
өнер зерттеулері
C
палеонтологиялық
D
экономикалық

Slide 9 - Quiz

Бозжыра шатқалының ерекшелігі неде?
A
Үлкен орман мен өзендері
B
Әктасты жартастар мен петроглифтер
C
Су айдындары мен көлдер
D
Тек тропикалық өсімдік

Slide 10 - Quiz

Үстіртте кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің қандай ерекшелігі бар?
A
шөлге бейімделген және эндемик түрлер
B
барлығы суық климатқа бейім
C
тек тропикалық өсімдіктер
D
барлығы үй жануарлары

Slide 11 - Quiz

Экотуризмнің басты мақсаты неде?
A
табиғатты бұзу
B
табиғатты қорғау және жергілікті халыққа пайда
C
суретке түсіру
D
ғылыми зерттеулерді толығымен тыйу

Slide 12 - Quiz

Үстірттің биологиялық алуантүрлілігі қандай?
A
336 өсімдік түрі, 29 сүтқорек, 15 бауырымен жорға, 166 құс.
B
500 өсімдік түрі, 50 сүтқорек, 30бауырымен жорғал, 200 құс
C
Тек 10 эндемик өсімдік түрі және 5 жануар түрі
D
барлық жануарлар мен өсімдіктер суға бейім

Slide 13 - Quiz

Үстірт қорығы мен Бозжыра шатқалы туралы не дұрыс сипаттайды?
A
Екеуі де ресми қорық және барлық жануарлар тұрақты мекендейді
B
Үстірт – ресми қорық, Бозжыра – геологиялық және палеонтоло аймақ
C
Бозжырада орман мен көлдер көп
D
Екеуі де тек туристер үшін ойын-сауық аймақтары

Slide 14 - Quiz

жорға дуадақ
берік сүттіген

қарақұйрық

Slide 15 - Drag question

Slide 16 - Video

Сіз Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына турист болып бардыңыз.
Экотуризмнің осы қорықтағы пайдасы мен маңызын қалай түсінесіз?
Табиғатты қорғау, ғылыми зерттеулер, жергілікті қоғамға пайда және білім беру сияқты бағыттарды өз ойыңызбен түсіндіріңіз.

Slide 17 - Open question

Қорықтың болашақтағы дамуы
Сұрақ: Үстірт қорығының болашақтағы дамуы қандай бағытта болуы мүмкін?
Қорықтың болашақтағы дамуы туралы ұсыныстар жасаңыз.
Сұрақ:Үстірт қорығын қорғау үшін қандай шаралар қабылдануда?

Slide 18 - Open question