ЕМТИХАН

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Ақмола қаласының негізі 1830 жылы қаланды. Оның атауы XIII-XIV ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. 1956 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып. Ақмола онын орталығы болды. Қаланың аты 1961 жылы 20 наурызда Целиноград болып өзгертілді. Бірақ 1994 жылы кала Ақмола болып қайта ауыстырылды.
1997 жылы 20 қазанда Н.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасынын Заны қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Казақстаннын жана астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. Астана күніне орай арнайы кештер ұйымдастырылып, түрлі жарыстар мен қызықты ойындар өткізіледі.
1 / 17
next
Slide 1: Slide

This lesson contains 17 slides, with text slides.

Items in this lesson

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Ақмола қаласының негізі 1830 жылы қаланды. Оның атауы XIII-XIV ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. 1956 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып. Ақмола онын орталығы болды. Қаланың аты 1961 жылы 20 наурызда Целиноград болып өзгертілді. Бірақ 1994 жылы кала Ақмола болып қайта ауыстырылды.
1997 жылы 20 қазанда Н.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасынын Заны қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Казақстаннын жана астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. Астана күніне орай арнайы кештер ұйымдастырылып, түрлі жарыстар мен қызықты ойындар өткізіледі.

Slide 1 - Slide

Cұрақтарға жауап беріңіз.
1.Абай неше жыл медреседе оқыды?
А) 5 жыл Ә) 4 жыл Б) 3 жыл
2.Абай Құнанбайұлы қай жерде туған?
А) Семей облысында Ә) Ақмола облысында Б) Алматы облысында
3. « Ақ киімді,денелі, ақ сақалды..» қай өлеңнің үзіндісі?
 А) Күз Ә) Қыс Б) Жазғытұры



2. Ақмола қаласының негізі қашан қаланды?
А. 1994
В. 1997
С. 1830
Д. 1956
3.Мәтінге тақырып қойыңыз.
___________________________
4. Мәтіннен бір зат есімді таңдап, септеңіз: 

Slide 2 - Slide

Мәтінді мұқият оқып, келесі сұрақтарына жауап беріңіз.
Отырар, Тараз, Сайрам (Исфиджаб), Түркістан (Ясы), Суяб, Баласағұн т.с.с. көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.  Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары - әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер - тұрмандар саудаға түсетін.  Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қала кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.  Түркістан (Ясы) ертеден «Екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кен көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын…

Slide 3 - Slide

1.Абай Құнанбайұлы неше жасынан бастап өлең шығара бастаған?
А) 12           Ә) 10          Б) 7
2.Абай Құнанбайұлы қай жылы туған?
А) 1846 ж.   Ә) 1845 ж.    Б) 1905 ж.
3. Жайлау өмірін, ауылдың көрінісін, жаздың шуақты күндерін қай өлеңінде сипаттайды?
 А) Күз        Ә) Қыс         Б) Жаз



2.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
А.  Қазақстанның тарихи қалалары
В.  Жаңа Қазақстан
С.  Сауда орталықтары
Д.  Жібек жолы бойындағы қалалар
3. Мәтіннен тиісті сөздерді тауып, орындарына қойыңыз.
Отырар алкабына .......... ................. астам кішкентай қала кіретін.
Ертеде .... каласындағы сауда базарын көргендер « ..................... базары - әлем айнасы» дейтін.
4. Мәтіннен бір зат есімді таңдап тәуелдеңіз


Slide 4 - Slide

Олимпиада
Пьер де Кубертеннің ұсынысы бойынша, Олимпиаданың эмблемасы бір-бірімен өріле қосылған бес сақинадан тұрады. Олар көгілдір, кара, кызыл (жоғарғы қатары), сары және жасыл (төменгі қатары) түстен құралады. Бұл бес құрлық спортшыларының «Олимпиадалық козғалысқа бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күш жұмсайық!» деген ниетін аңғартады. Сондай-ақ мұнда 5 сақинамен бірге, олимпиаданың өткен жылы және оны ұйымдастырушы қаланың символикалық белгісі болады.  Бірінші олимпиада жалауы 1914 жылы Парижде көтерілді. Олимпиада алауы ертедегі олимпиадалық ойындар өткен Грекиядағы Олимп тауында күн нұрынан тұтатылады. Содан кейін факелді эстафеталық алып жүру рәсімі басталады. Олимпиадалық ойындар басталатын орталық стадиондағы үлкен табаққа алаудан от тұтатылады. Осы от ойындар аякталғанша жанып тұрады. Мұндай дәстүр 1936 жылдан бері жалғасып келеді.


Slide 5 - Slide

Тыңдалым.
  Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және ойшылы. Ол 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Абай Семейде Ахмет Риза медресесінде үш жыл білім алды. Абай Құнанбаев өлеңді он екі жасынан бастап шығарған.Ол адамгершілік, еңбек, ғылым және табиғат туралы терең ойлар жазды.
Абайдың табиғатқа арнаған өлеңдері өте әсерлі. Ол әр мезгілді ерекше сипаттайды:
«Жазғытұры» өлеңінде көктемнің келуін, табиғаттың оянуын, жан-жануар мен адамның көңіл-күйін суреттейді.
«Жаз» өлеңінде жайлау өмірін, ауылдың көрінісін, жаздың шуақты күндерін сипаттайды.
«Күз» өлеңінде табиғаттың сұрлана бастағанын, күзгі салқындықты, адамдар мен малдың қысты қалай қарсы алатынын бейнелейді.
«Қыс» өлеңінде қыс "ақ киімді, денелі, ақ сақалды шал" ретінде сипатталады. Бұл өлеңде қыстың қаталдығы, желдің ызғары айқын көрінеді.
Абайдың табиғатты суреттеуі арқылы біз қазақ даласының әрбір маусымын көріп, сезе аламыз. Оның шығармалары — мәңгілік мұра.

Slide 6 - Slide

1. Cұрақтарға жауап бер.
1.Көктемнің келуін, табиғаттың оянуын Абай қай өлеңде сипаттаған?
А.Жазғытұры       В.Күз          С.Көктем

2. Абай қай өлеңінде жайлау өмірін, ауылдың көрінісін сипаттаған?
А.Жазғытұры     В.Жаз          С.Көктем

3. Табиғаттың сұрлана бастағанын, салқындықты қай өлеңінде сипаттаған?
А.Жазғытұры        В.Күз           С.Көктем



2. Бірінші олимпиада жалауы көтерілді.
А. 1914 жылы Парижде
В. 1912 жылы Бельгияда
С. 1915 жылы Германияда

Slide 7 - Slide

Абай Құнанбайұлы. "Қыс" 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Slide 8 - Slide

1.Абай үш жыл қайда оқыды?
А) Приходская школада
Ә) Ахмет Риза медреседе
Б) Шығыс Қазақстанда
2. Абай Құнанбайұлы кім?
А) Ұлы ғалым
Ә) Ұлы жазушы
Б) Ұлы ақын



1. Сөздерді бөліп жаз:
Ұшпадай, алты қанат, ата-анадай, ақ сақалды, бұлттай, сұр бұлт, масатыдай.



2. Өлеңдегі етістіктерді бұрыңғы өткен шаққа айналдыр. Мысалы:
қалды - қалған, кетті -кеткен.
теңеу
эпитет

Slide 9 - Slide

"Менің сүйікті қалам" Эссе 90-100 сөз.
Бөлімдері: кіріспе, негізгі, қорытынды. 
Тірек сөздер: бірлігі жарасқан, тәуелсіз ел,  ұлт өкілдері, тату тәтті


Slide 10 - Slide

Эссе тақырыбы:  Ұлы Жібек жолы. (90-100сөз)





Slide 11 - Slide

Берілген тақырып бойынша эссе жазыңыз.(90-100сөз)
Қазақстанның жеңімпаз спортшылары.





Slide 12 - Slide

Қандай ? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз.
Мәтін бойынша диалог құрастыр. 6 сұрақ
Отбасы — әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Отбасында ұлға үйдің күрделі, ірі мұмыстарын үйретеді. Қызға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады.
Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Мына кісінің есімі — Қуанышбек. Оның отбасы үлкен. Оның әкесі, шешесі бар. Қуанышбектің әйелінің аты - Загира. Олардың бір ұлы және екі қызы бар. Қуанышбек пен Загира үш баласына қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. Ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Қуанышбек отбасымен демалыс күндерін бірге өткізіп, саяжайда бақша егуге, саяхатка шығуға, машинамен қыдыруға құмар. Загира отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді, шет тілдерін үйренуді жақсы көреді. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. Сенбі күні кешке балаларымен отбасылық сұхбат қүрып, кітап оқиды. Теледидар, радио арқылы жаңалықтармен танысады. Жақсы дәстүр - отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі.  

Slide 13 - Slide

Берілген тақырып бойынша эссе жазыңыз.(90-100 сөз)
Эссе тақырыбы. «Менің сүйікті жыл мезгілім».

Тірек сөздер: 
кең-байтақ,  табиғаты таңғажайып,  алуан түрлі,  «қызыл кітап»,  өсімдіктер,  жануарлар әлемі,  жылы, суық, аяз

Slide 14 - Slide

Slide 15 - Slide

Берілген сөздерді септе.

1
Атау
кім? не?
табиғат
әке
тамақ
2
Ілік 
кімнің? ненің?
3
Барыс
кімге? неге? қайда?
4
Табыс
кімді? нені? 
5
Жатыс
кімде? неде? қайда?
6
Шығыс
кімнен? неден? қайдан?
7
Көмектес
кіммен? немен?

Slide 16 - Slide

Slide 17 - Slide