Олимпиада ойындары – жер жүзіндегі жарыстардың жарысы, төресі болып саналады. Қазіргі кезде күллі адамзат қауымы әлі Олимпиададан артық, Олимпиададан қызығырақ жарыс ойлап тапқан жоқ. Олимпиадалық ойындарды алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы аталған сақиналарды да таным белгі ретінде ұсынған екен. Бұл сақиналар бес түске боялған: көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Бес дөңгелек дүниенің бес бөлігін білдіреді: Америка, Еуропа, Азия, Африка және Мұхиттар. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір құрлық ретінде қаралса, Антрактида ол кезеңде назарда болмаған көрінеді.
Олимпиадалық бес сақина 1914 жылы заңды түрде қабылданып, 1920 жылы Бельгиядағы Олимпиадада сынға түсті. Халықаралық Олимпиада Комитетінің ұйғарымы бойынша, Олимпиада сақиналарының мағынасы: бес құрлықты да бәсекеге қатысуға, ат салысуға және бейбітшілікке шақыру, сонымен қатар, бес құрлықтың да спортшыларына өз бақтарын сынауға мүмкіндік берілетіндігін білдіру екен. (123 сөз)
Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған
А) Олимпиадалық ойындарды алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен
В) Бес дөңгелек дүниенің төрт бөлігін білдіреді
С) Олимпиадалық бес сақина 1920 жылы заңды түрде қабылданды
Д) 1920 жылы Бельгиядағы Олимпиадада сынға түсті
[2]