Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі. Зертханалық жұмыс «Тізе рефлексі».

7.1.7.5 - рефлекстік доғаны зерттеу

Рефлекс және рефлекс доғасы, рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмысмүшесі. №9 Зертханалық жұмыс «Тізе рефлексі».

1 / 9
volgende
Slide 1: Slide
newEditor

In deze les zitten 9 slides, met tekstslides.

Dit is niet oké

Onderdelen in deze les

7.1.7.5 - рефлекстік доғаны зерттеу

Рефлекс және рефлекс доғасы, рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмысмүшесі. №9 Зертханалық жұмыс «Тізе рефлексі».

Тақырыбы: Тізе рефлексін зерттеу. Рефлекс доғасын анықтау.

Мақсаты:  Мектеп дәрігері көмегімен тізу рефлексінің механизмін көрсету;

Құрал-жабдықтар: орындық, медициналық балға.

Жұмыс барысы:

1)      Алдымен орындыққа отырып, бір аяқты екінші аяқтың үстіне, яғни айқастыра қоямыз.

2)      Резеңке балғамен тізе қақпағынан сәл төмен жерге жайлап соғамыз

Жұмыс нәтижесі:

1)      Соғу әсерінен сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріліп, аяқ тізе буынынан бүгілді де алға жоғары қарай тебілді.

2)      Тапсырма №1. Тізе рефлексінің рефлекс доғасын жұпта бейнелеңіз

Дескриптор:

1.       Рефлекс – рефлекс доғасы арқылы жүзеге асатынына қорытынды жасайды

2.       Рефлекс доғасының сызбасын бейнелейді.

Жауабы:

Тізе буыны → сезімтал нейрон → жұлын → қозғалтқыш нейрон →бұлшық ет.

Тапсырма №2. Жасырылған әр бөлімді табыңыз

Дескриптор:

1.       Соққанда бүгіліп, тебілетін жерді көрсетеді.

2.       Соққыны қабылдаушыны анықтайды

3.       Соққыға жауап әкелушіні анықтайды.

4.       Тізе рефлексінің орталығы қайда орналасатынын көрсетеді.

5.       Қозу берілетін бөлімді көрсетеді.

Қорытынды:

1.       Бүгілу сезімтал және қозғалтқыш нейрондар есебінен болды. Мұны тізе рефлексі деп атаймыз.

2.       Жүйке импульсі рецепторлардан сезімтал нейрон аксондары арқылы жұлынға жетіп, аралық нейрондарға беріледі. Одан әрі қозғалтқыш нейрондардың аксондары қозып, бұлшық етке нұсқау беріледі.

3.       Рефлексті жүзеге асыру үшін жүйке импульсі өтетін жолды рефлекс доғасы дейміз.

 

gynzy-clipboard-elements-eyJwYWdlIjp7ImlkIjoiNTExYjUzNjQtYzUyMC00NWI3LWE1ZDktM2U4ZThiYjY4NzQwIiwicGFnZVdpZHRoIjoxMjgwLCJwYWdlSGVpZ2h0Ijo2NjAsImJhY2tncm91bmQiOnsiaWQiOiJXSElURSIsInR5cGUiOiJDT0xPUiJ9LCJzY3JvbGxQb3NpdGlvbiI6MCwic2hlZXRzIjoxLCJlbGVtZW50cyI6W10sImRpcnR5IjpmYWxzZSwibGFzdERpcnR5VGltZSI6LTEsImlzTmV3Ijp0cnVlLCJwbGFjZWhvbGRlciI6ZmFsc2UsInZlcnNpb24iOjJ9fQ==