Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс

Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс

Баян Думанқызы

1 / 15
volgende
Slide 1: Slide
newEditorФизикаSecondary EducationAge 13

In deze les zitten 15 slides, met interactieve quizzen en tekstslides.

time-iconLesduur is: 45 min
Dit is niet oké

Onderdelen in deze les

Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс

Баян Думанқызы

Механика деген не?

Механика — материалдық денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым.

Кинематика — денелердің қозғалысын зерттейтін, бірақ қозғалыстың туу себебін қарастырмайтын механиканың бөлімі. Кинематика қозғалыс қандай болды деген сұраққа жауап береді.

Материалдық нүкте

Материалдық нүкте — дененің өлшемдері (көлемі, пішіні) қозғалысты сипаттағанда ескерілмейтін, тек массасы бар идеал дене.

  • Бұл ұғым қозғалысты жеңілдетіп сипаттау үшін енгізіледі.

  • Дененің пішіні, өлшемі маңызды емес болса — оны материалдық нүкте ретінде қарастыруға болады.

Объектінің өлшемі қозғалыс масштабымен салыстырғанда өте кішкентай болса, оны материалдық нүкте деп есептейміз.

Санақ жүйесі — дененің қозғалысын сипаттау үшін қолданылатын координаталар жүйесі, сағат және санақ денесінен тұратын жиынтық.

Формула

Траектория — дененің қозғалыс барысында сызған сызығы.

Жүрілген жол (S) — траектория ұзындығы. [м]

S=v∙t;  x=x0±v∙t

Орын ауыстыру (Δх) — траекторияның бастапқы және соңғы нүктелерін қосатын бағытталған сызық. [м]

∆x=x-x0

Жылдамдық — дененің орын ауыстыру шапшаңдығы. [м/с]

v=S/t

Жылдамдықтың өлшем бірліктері:

1 км/сағ=


1 м/с=

Уақыттың өлшем бірліктері:

1 тәул=


1 сағ=


1 мин=

Велосипедші 25 м/с жылдамдықпен жүріп келеді. Бұл км/сағ-пен қанша?

A

90 км/сағ

B

25 км/сағ

C

36 км/сағ

D

108 км/сағ

Айналма жолмен (шеңбер бойымен) жүрген оқушы бастапқы

орнына қайтып келді. Егер айналма жолдың ұзындығы 200 м болса,

а) оқушының жүріп өткен жолы қандай?

ә) орын ауыстыруы қандай?

1

minute

00

second

Бала үйден 4 м қашықтықта тұр. Ол осы жерден қозғалысын қозғалысын бастап, үйдің арғы бетіне 3 м алшақтайды. Баланың орын ауыстыруын табыңыз.

Саяхатшы 3 км солтүстікке жүрді де, кейін шығысқа бұрылып тағы 4 км жүрді. Саяхатшының жүрген жолы мен орын ауыстыруын тап.

Fill in the blanks

Материалдық нүкте — дененің өлшемдері (көлемі, пішіні) қозғалысты сипаттағанда ескерілмейтін, тек массасы бар идеал дене.

Дененің пішіні, өлшемі маңызды емес болса — оны материалдық нүкте ретінде қарастыруға болады.

объектінің өлшемі қозғалыс масштабымен салыстырғанда өте кішкентай болса, оны материалдық нүкте деп есептейміз.

Санақ жүйесі — дененің қозғалысын сипаттау үшін қолданылатын координаталар жүйесі, сағат және санақ денесінен тұратын жиынтық.

нүкте
ескерілмейтін
массасы
пішіні
өлшемі
Санақ
координаталар
сағат

Сандарды өсу ретімен орналастыр

1

54 км/сағ

2

20 м/с

3

10 м/с

4

90 км/сағ

Жұп сандар

Тақ сандар

Жұп сандар мен тақ сандарды ажырат

Сандарды ажырат

Жұп сандар

Тақ сандар

42

15

73

28

Бүгінгі сабақтағы түсінігіңді бағала

1

Барлығы түсінікті болды

2

Ештеңе түсінбедім

Бүгінгі сабаққа кері байланыс