Сынып жетекшісінің стратегиялық рөлі

1 / 43
volgende
Slide 1: Tekstslide

In deze les zitten 43 slides, met interactieve quizzen, tekstslides en 3 videos.

Onderdelen in deze les

Slide 1 - Tekstslide

Slide 2 - Tekstslide

Slide 3 - Tekstslide

1."Біртұтас тәрбие" бағдарламасы не үшін қажет?


Slide 4 - Open vraag

        2022 жылдан бастап еліміздің барлық мектептерінде «Біртұтас тәрбие» бағдарла-
масы жүзеге асырылып келеді. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы — оқушы тұлғасын жан-жақты дамытуға, рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге бағытталған жүйелі, мақсатты бағдарлама. Бұл бағдарлама еліміз- дің барлық мектептеріндегі тәрбие жұмысын бірыңғай бағытқа келтіру және мектеп пен отбасы, қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында әзірленген. Бұрынғыдай әр мектеп не сынып жетекші өз бетінше жұмыс істемей, бір бағдарға сүйене отырып, ортақ тәрбие кеңістігін қалыптастырады. 
       Бағдарламада оқушының моральдық қасиеттері, қарым-қатынасы мен қоғамдық өмірге қатысуы, «Қауіпсіздік сабақтары» –оның ішінде жол қозғалысы ережелері, өмір қауіпсіздігі негіздері, тіпті денсаулығы туралы да маңызды тақырыптар қамтылады. Сонымен қатар XXI ғасырдың құндылықтары (цифрлық мәдениет, сыни ойлау, жауапкершілік, шығармашылық т.б.) да бағдарламада ескерілген. Бұл бағдарлама мектептің барлық қызметкерлерінің және ата-аналардың өзара бірлесіп жұмыс істеуін талап етеді. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнатып, оқушының тұлғалық және эмоционалдық мәселелерін бірлесе талқылауға жетелейді. Жас ұрпаққа дұрыс бағыт беру, өмірлік құндылықтарды ажырата білетін тұлға тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.

Slide 5 - Tekstslide

      
        Тәрбиенің 6 бағыты бойынша нақты жоспар мен мазмұн ұсынылады. Бұл міндетті іске асыру сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылып жатыр. Ай сайын өткізіліп жатқан тұрақты іс-шаралар оқушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.

         «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру - бұл бәрімізге ортақ тақырып, маңызды әрі мазмұнды бағыттарды қамтиды.
           Адамгершілік, ұлттық рух, жауапкершілік, еңбекке құрмет сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге басымдық беріледі. Баланы ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, елжандылыққа баулуға ерекше мән беріледі. Тіпті XXI ғасырдың құндылықтары (цифрлық мәдениет, сыни ойлау, жауапкершілік, шығармашылық т.б.) да бағдарламада ескерілген. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы – тәрбие жұмысының бағыт-бағдарын айқындайтын ұлттық негіздегі, заманауи талаптарға сай құжат. Ол – тәрбие жүйесін үйлестіріп, мектеп, оқушы, ата-ананың, қоғамның бірлесе жұмыс істеуіне жол ашады.

Slide 6 - Tekstslide

            Тәрбие жұмысында сынып жетекшісінің                                       басты стратегиясы не?  
     Тәрбие жұмысында сынып жетекшісінің нақты, тиімді стратегиясы болуға тиіс. Сынып жетекшісінің басты стратегиясы:  Әр оқушының жеке қабілетін, мінезін, қызығушылығын ескере отырып жұмыс жүргізу. Стратегия: "Әр оқушы – бір әлем" қағидатын ұстану. Сынып жетекшісі сол оқушының ерекшелігін ескере отырып:
Қиын жағдайдағы балаға – қолдау,
Дарынды оқушыға – бағыт,
Ұяң оқушыға – сенім беруі тиіс.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Тұлғалық өсу картасын жүргізу
Құндылықтар арқылы әсер ету: адамгершілік, әділдік, жауапкершілік, отансүйгіштік сияқты тұрақты құндылықтарды бойына сіңіру. 

Стратегия: Сынып жетекшісі оқушыға құндылықты үйретпейді, оны сіңіреді». Сіңіру жолдары: тәрбие сағаттары арқылы және тек сынып сағатында ғана емес, пәндерде де жалғастыра беремін. Құндылықтар оқулық мазмұны арқылы да беріліп отыруы керек (мысалы, әдебиет сабағында адалдық, тарихта патриотизм, биологияда табиғатты сүю). Ойын, драма, ситуациялық тапсырмалар арқылы да: оқушыны рөлге енгізіп, құндылықты іс-әрекет арқылы сезінуіне мүмкіндік беру (Мыс: «Егіннің бастары» диалог, Сиқырлы қалам ертегі) Сабақтағы тақырып пен тәрбие сағаттары бір-бірімен байланысты болса, әсері тіпті артады. Стратегия: "Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы бір мақсатта болуы керек." Ата-анамен тұрақты және сенімді серіктестік орнату - табыстың негізі. Сынып жетекші тек балаларды ғана емес, өзін де дамытып отыруы қажет. Қай істің тиімді болғанын, не нәрсе нәтиже бермегенін бағалау – жетістік кепілі. 

Slide 7 - Tekstslide

Стратегия: "Тәрбие беру» емес, «бірге тәрбиелену» қағидасымен жұмыс істеу. Сынып жетекшісінің де өз жұмысына сыни қарап, кері байланыс негізінде жақсарту енгізуі. Стратегия – бағыт. Тактика – нақты қадам. Сынып жетекшісі ретінде сіздің жақсы стратегиялық көзқарасыңыз болма- са, жұмысыңыз шашыраңқы, бірізділіктен алшақ, әрекетіңіз жүйесіз болады. Ал нақты тактикалық тәсілдеріңіз болмаса – керемет мақсаттар жай сөз, арман тек қиял болып қалады. Екеуі де бір-бірінсіз іске аспайды. Тәрбие жұмысы жүректен шығып, шынайы ниетпен жүзеге асқан кезде ғана тиімді болады.

Slide 8 - Tekstslide

1. Стратегия дегеніміз не?
A
Қысқа мерзімді мақсат қою
B
Балаға ұрсу тәсілі
C
Тәрбиеде ұзақ мерзімді, жүйелі бағыт
D
Баламен ойнау әдісі

Slide 9 - Quizvraag

2. Тәрбие беру барысында тактикалық тәсілге не жатады?
A
Баланың оқу үлгерімін жыл соңында бағалау
B
Сыныпта достық атмосфера құруға арналған апталық жоба
C
Оқушылардың болашақ мамандығын анықтау
D
Сыныпты 5 жыл бойы бірге ұстау

Slide 10 - Quizvraag

3. Ата-анамен байланыс орнатуда қандай стратегия тиімді?
A
Баланың кемшіліктерін ғана айту
B
Тек мектеп жиналысында сөйлесу
C
Ай сайын кездесіп тұру, жетістігін де, қиыншылығын да айту
D
WhatsApp-та топ құру

Slide 11 - Quizvraag

4. Мыналардың қайсысы тактикалық әдіс болып саналады?
A
Баланың 5 жылдық дамуына жоспар жасау
B
Баланың эмоциясын басқаруға арналған күнделікті жаттығу
C
Мамандық таңдауына бағыт беру
D
Сынып ішіндегі әлеуметтік рөлдерді сараптау

Slide 12 - Quizvraag

5. Стратегиялық тұрғыдан ойлайтын сынып жетекші қандай болады?
A
Тек үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істейді
B
Барлық оқушыны ұзақ мерзімде дамытуға ұмтылады
C
Тәртіпке ғана көңіл бөледі
D
Айыптауға бейім болады

Slide 13 - Quizvraag

Тәрбие процесінде оқушының дамуын үнемі бақылап, талдап отыру – тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі. Сынып жетекшісі әрбір оқушымен жеке әңгімелесу өткізіп, әр баланың ішкі әлемін түсініп, олардың қызығушылықтарын, армандарын, мақсаттары мен қиындықтарын, уайымдарын анықтап, жеке тұлғалық даму жоспарын құрады. «Менің ішкі сезімім»
Қазіргі таңда балаларға тек дәстүрлі оқыту емес, құндылықтарды шығармашылықпен ұғындыру тиімді болмақ. Сынып сағаты бойынша оқушының жұмыс дәптерін жасаудағы мұғалімнің стратегиялық мақсаты — оқушылардың азаматтық, рухани-адамгершілік, патриоттық және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру арқылы тұлғалық дамуына жағдай жасау

Slide 14 - Tekstslide

Жеке тұлғалық даму жоспарын құру арқылы сынып жетекшісі әр оқушымен жеке әңгімелесіп, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтайды, жеке даму жоспары арқылы оқушының бойындағы барлық мүмкіндіктер ашылады.
Жұмыс дәптері арқылы сынып сағаттарының мазмұнын құрылымдап, тәрбие жұмысын тиімді және мақсатты ету. Сынып жетекшісі оқушыларға тек сабақты ғана емес, сонымен қатар өмірлік дағдыларды, дұрыс мінез-құлықты да үйретеді.

Slide 15 - Tekstslide

Slide 16 - Tekstslide

Біз құндылық береміз – өмірлік бағыт ұсынамыз. Тәрбие – тек тәртіп пен мінез қалыптастыру емес, ол баланың рухани-адамгершілік әлемін байыту. Біз біртұтас тәрбие бағдарламасы арқылы оқушыға:
Адалдықты, Еңбекқорлықты, Жауапкершілікті, Сыйластықты, Патриотизм мен мейірімділікті түсіндіріп қана қоймай, оларды күнделікті өмірде қолдануға үйретеміз. Бұл – балаға бағыт-бағдар береді. Қандай ортаға түссе де, қандай жағдайда болса да, дұрыс шешім қабылдай алуына көмектеседі.

Slide 17 - Tekstslide

Slide 18 - Tekstslide

Slide 19 - Tekstslide

Slide 20 - Tekstslide

Slide 21 - Tekstslide

Slide 22 - Tekstslide

Slide 23 - Video

Slide 24 - Tekstslide

Slide 25 - Tekstslide

Slide 26 - Tekstslide

Slide 27 - Tekstslide

Slide 28 - Tekstslide

Slide 29 - Tekstslide

Slide 30 - Video

Slide 31 - Tekstslide

Slide 32 - Tekstslide

Slide 33 - Tekstslide

Slide 34 - Tekstslide

Slide 35 - Tekstslide

Slide 36 - Tekstslide

Slide 37 - Tekstslide

Slide 38 - Tekstslide

Slide 39 - Video

Slide 40 - Tekstslide

Slide 41 - Tekstslide

Slide 42 - Tekstslide

Slide 43 - Tekstslide