Өзімдікі

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

1 / 11
volgende
Slide 1: Slide
newEditorЗPrimary EducationAge 13

In deze les zitten 11 slides, met tekstslides.

time-iconLesduur is: 30 min

Onderdelen in deze les

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Сабақтың мақсаты:

Бүкіл әлемдік тартылыс заңының мәнін түсіну, формулалармен танысу. Тәжірибе түрімен танысу.

Оқушыларға тартылыс күшіне байланысты есептер шығара алу дағдыларын дамыту.

Сабақтың міндеті:

ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы. Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдады.

Исаак Ньютон

( 4.01.1643 — 31.03.1727)

Бізге жеткен аңыз бойынша, алма ағашының көлеңкесінде жел екпінінен алманың жерге үзіліп түскенін ойлана бақылап отырған Ньютонға әлемдегі барлық денелердің арасында өзара тартылыс күшінің бар болуы туралы ой келген екен дейді. Ньютонның әзілі бойынша, оның басына құлап түскен алма қажетті формуланы қорытып шығаруына себепші болған.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы:

  • Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы

    • Жердің жасанды серігінің қозғалыстары

    • Денелердің жерге құлауы

    • Тасу және қайту

    • Сарқырамалар

    • Жер атмосферасының болуы т.б

Жердің тартылыс күшіне мысалдар:

Екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады мұндағы m1 және m2 - өзара әрекеттесуші екі дененің массасы, r - денелердің арақашықтығы, G - гравитациялық тұрақтылық

1798ж. гравитациялық тұрақтылық ағылшын физигі Генри Кавендиштің иірмелі таразасының көмегімен өлшенді.

H - жіңішке жіп

L - екіметрлік өзекше

m - қорғасын шар

M - қорғасын шар

r - үлкен және кіші шарлардың арақашықтығы

Гравитациялық тұрақтылықтың физикалық мағынасы:

G - гравитациялық тұрақтылық, оның сандық мәні, массалары белгілі денелердің бір-біріне тартылатын күшін өлшеу жолымен анықталады. Барлық денелер жер бетіне тартылыс әрекетінен, еркін түсу үдеуімен қозғала отырып құлайды

Есеп шығаруға мысал:

Массалары m 1 =5 кг, m 2 =500 г қорғасын шарлардың ара қашықтығы r= 7 см болған кездегі олардың өзара тартылу күшін табыңыз.

Ойынға кіру үшін планетанын үстін басыңыз!

Назарларыңызға рахмет!!!