Электронды пошта (Ашық сабақ)

Электронды пошта
Сабақты дайындаған: информатика пәні мұғалімі Каленова Райкул Ниязовна
Сабақтың мақсаты: Электронды поштаның қызметін таныстыру және  пайдалануды үйрету.
1 / 26
volgende
Slide 1: Tekstslide
Secondary Education

In deze les zitten 26 slides, met interactieve quizzen, tekstslides en 1 video.

time-iconLesduur is: 45 min

Onderdelen in deze les

Электронды пошта
Сабақты дайындаған: информатика пәні мұғалімі Каленова Райкул Ниязовна
Сабақтың мақсаты: Электронды поштаның қызметін таныстыру және  пайдалануды үйрету.

Slide 1 - Tekstslide

Үй тапсырмасы бойынша өткен тақырыптарды қайталау
timer
5:00

Slide 2 - Tekstslide

CASE-STUDY 
нақты жағдаят тапсырмасы
timer
5:00
     Интернеттегі ақпарттық қауіпсіздік ережелері

Slide 3 - Tekstslide

Slide 4 - Video

Кейс сұрақтары
  1. Интернет  желісіндегі   ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес бересіз?
  2. Жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін сақтау  барысында  қандай іс -әрекеттер жүргізе  аласыз?
timer
5:00

Slide 5 - Tekstslide

Бүгін біз білеміз:
  • Электронды пошта дегеніміз не?
  • Электронды поштаның мекен жайын не екенін?
  • Электронды поштаның бағдарламасы не екенін?
  • Электронды пошта қалай жұмыс жасайды?
  • Электронды поштаның хаттамасы не екенін?

Slide 6 - Tekstslide

Электронды поштаның негіздерін қалаушы
Рэй Томлинсон (Ray Tomlinson) оның бағдараламасы SNDMSG 1971 жылы компьютерлер арасында поштамен алмасу мүмкіндігі жүзеге асқан. Бұл бағдарламада екі бағдарлама жұмыс жасаған: SNDMSG «Send Message» хат жіберу үшін және READMAIL хатты оқу үшін

Slide 7 - Tekstslide

Электронды пошта (E-mail)-бұл компьютерлік желі арқылы хабарлама жөнелту және қабылдау тәсілі
Электронды пошта кәдімгі поштаға ұқсас жұмыс жасайды: 
Хат - электрондық хабарлама;               (қолданушы)
Пошта бөлімі - пошталық сервер,        (тасымалдау)
Транспорт- компьютерлік желі.            (жеткізу)

Slide 8 - Tekstslide

Электронды поштаның мекен-жайы
Электронды поштаның мекен-жайы белгілі бір ереже бойынша жазылады және екі бөліктен тұрады:
пайдаланушының атауы@ сервер атауы, пайдаланушы атауын өзі ойлап табады, сервер атауы пошталық жәшік қай серверде ашылса сол сервердің атауы аталады. 
Мысалы:  aldamjarova@yandex.ru, amanov@mail.ru, naumova@gmail.com.

Slide 9 - Tekstslide

 Пошталық программалар - бағдарламалық жабдықтама, ол қолданушының компьютеріне орнатылады, оның көмегімен хатты алу, жазу, жіберу, сақтау және өңдеу жүзеге асады.
  • Microsoft Outlook
  • Microsoft Outlook Express
  • The Bat!
  • Mozilla Thunderbird


Пошталық серверлер  бұл компьютерлік бағдарлама, ол хабарламаларды бір компьютерден екінші компьютерге таратады.

  • Nur.kz
  • Mail.ru
  • Gmail
  • Rambler
  • Яндекс Почта


Slide 10 - Tekstslide

Электронды поштаның түрлері:
1. провайдерлік (пошталық жәшік провайдердің серверінде);
2. корпоративтік (жәшік жұмыс жеріндегі серверде);
3. коммерциялық (жәшік ақылы пошталық қызметтер серверінде);
4. ақысыз (жәшік ақысыз пошталық қызметтер серверінде, мысалы: mail.ru, yahoo.com, yandex.ru, rambler.ru, hotmail.com).

Slide 11 - Tekstslide

Пошталық жәшік  
Пошталық сервермен байланыстырылған әр бір абоненттің электрондық адресі. Пайдаланушының пошталық ақпараттары дискінің шағын орнында орналасып, пайдаланушыға сақталып тұрады. 

Slide 12 - Tekstslide

Электрондық поштаның хаттамасы
Серверге жіберу үшін және серверлер арасында қатынас құру үшін SMTP (Simple Mail Transfer Protocol атты хаттама қолданылады.
 РОР3 (Post Office Protocol) – бұл пошта бөлімінің хаттамасы. Сеанс кезінде пайдаланушының мәліметтерін тексереді, яғни оның атын (Login) , құпия сөзін (Password) сұрайды. Бұл әрекеттер қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді.
  

Slide 13 - Tekstslide

Электрондық хат

Қазіргі электрондық хат – ол үлкен жетістік, өткен замандағы хаттарға қарағанда. Мүмкіндігінде: жай хатқа сурет, әуен, гиперсілтемелер, қозғалыстағы объектілер, анимациялар қосуға болады.
         Сонымен қатар, электрондық пошта жүйесі бүгінгі күнде сөйлесу құралы ретінде, ақпарат көзі ретінде де пайдалануға болады.

Slide 14 - Tekstslide

Электрондық поштаның артықшылықтары: 
Хабарлама жіберудің жылдамдығы.
Электрондық хатқа мәтіннен басқа, дыбыс, сурет, бағдарлама т.с.с.
Оңай, әрі арзан.
Хатты шифрлеуге болады.
Автоматты түрде хатты өңдеуге болады.
Бір хатты бірнеше адамға жіберуге болады.
Бір хатты бірнеше мекен-жайға жіберуге болады.

Slide 15 - Tekstslide

Электрондық пошта қалай жұмыс жасайды?
Электрондық пошта эстафета секілді. Электрондық бағдарлама арқылы пошталық хабарлама компьютерде даярланады. Содан кейін, компьютерді интернетке косканнан соң, хабарлама пошталық серверге түседі де, пошталық серверлер тізбегімен адресат серверіне жетеді. Адресат өз пошталық серверіне жүгінгенде ғана жиналған хабарламаларды өз «пошталық жәшігінен» алады.

Slide 16 - Tekstslide

Дұрыс толтырылған электронды пошта адресін көрсетіңіз ?
A
example@nur.kz
B
example@nur
C
example@.nur.kz
D
example@nur@kz

Slide 17 - Quizvraag

Электрондық пошта арқылы бірнеше адресатқа мультимедиалық файлдар жіберуге бола ма?
A
Болмайды
B
Болады егер файл архивтелген ғана болса
C
Болады
D
Мультимедиалық файлдарды жіберуге болмайды

Slide 18 - Quizvraag

Корпоративтік электронды пошта дегеніміз не?
A
жұмыс бабында мекемеішкілік, мекемеаралық хат алмасуда қолданылады
B
Көпшілікке арналған пошта
C
Арнайы пошталық сервер кеңістігіндегі орын
D
кейбір әлеуметтік желілерде тіркелуде қолданылатын пошта

Slide 19 - Quizvraag

Қолданушыларға электрондық хаттарды оқуға және құруға мүмкіндік беретін бағдарламалар қалай аталады?
A
браузер
B
қолданбалы агенттер
C
пошталық сервер
D
интернет-сервис

Slide 20 - Quizvraag

Пошталық сервердің атауын көрсетіңіз ?
A
Nur.kz
B
Провайдер сервері
C
Microsoft Outlook
D
Сервер

Slide 21 - Quizvraag

Электрондық поштаның хаттамасы
A
SMTP (Simple Mail Transfer Protocol
B
DNS
C
РОР3
D
IMAP

Slide 22 - Quizvraag

ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТА ҚҰРУ ТӘСІЛДЕРІ
timer
5:00

Slide 23 - Tekstslide

Топтық жұмыс 
LearningApps.org платформасы арқылы  тапсырмалар (жаттығу)  құрастыру. 




timer
5:00

Slide 24 - Tekstslide

Slide 25 - Link

Сабақ түсінікті болды ма?
Түсінікті болды
Түсінбедім

Slide 26 - Poll