экономика

экономика


1 / 11
volgende
Slide 1: Slide
newEditor

In deze les zitten 11 slides, met interactieve quizzen en tekstslides.

Dit is niet oké

Onderdelen in deze les

экономика


Text

Экономика – қоғамдағы шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланып, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын зерттейтін ғылым. Кәсіпорын – тауарлар мен қызметтерді өндіретін, сататын және пайда табуға бағытталған шаруашылық объектісі. Өндірістің негізгі факторларына жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілет жатады. Экономикалық өсу – елдегі тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемінің артуы және экономиканың дамуы. Инфляция – тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы өсуі, соның нәтижесінде ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді. Сұраныс – тұтынушылардың белгілі бір тауарды немесе қызметті сатып алуға деген қажеттілігі мен мүмкіндігі. Ұсыныс – өндірушілердің белгілі бір тауарлар мен қызметтерді нарыққа сатуға ұсыну көлемі. Сұраныс пен ұсыныс нарықтағы бағаның қалыптасуына және экономикалық тепе-теңдікке әсер етеді.


қазақстан экономика

Қазақстан экономикасы – елдегі өндіріс, сауда, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және басқа да салалардың жиынтығы. Қазақстан экономикасының маңызды салаларына мұнай-газ өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, металлургия, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласы жатады. Елдің экономикасында мұнай, газ және пайдалы қазбаларды өндіру маңызды орын алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында астық, мал және басқа да өнімдер өндіріледі. Қазақстан шетелдермен сауда жасап, мұнай, металдар, астық және басқа өнімдерді экспорттайды. Экономиканы дамыту үшін жаңа технологияларды енгізу, өндірісті жаңарту, шағын және орта бизнесті қолдау және инвестиция тарту маңызды.

атырау экономика

Атырау экономикасы негізінен мұнай-газ өнеркәсібіне сүйенеді. Өңірде мұнай мен газ өндіру, өңдеу және тасымалдау маңызды орын алады. Сонымен қатар балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және қызмет көрсету салалары да дамыған. Атырау облысы Қазақстанның мұнай өндіретін негізгі аймақтарының бірі болғандықтан, ел экономикасына үлкен үлес қосады. Экономиканың дамуына инвестициялар, жаңа кәсіпорындардың ашылуы және шағын және орта бизнестің дамуы әсер етеді.

Enter your question here

Drag and Drop

Text



сұраныс

кәсіпорын

ұсыныс

экономика

  1. Экономика дегеніміз не?

A

Табиғатты зерттейтін ғылым

B

Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылым

C

Тек ақша туралы ғылым

D

Саясат туралы ғылым

  1. Кәсіпорын дегеніміз не?

A

Мемлекеттік орган

B

Банк түрі

C

Тауарлар мен қызметтер өндіретін шаруашылық объектісі

D

Қоғамдық ұйым

  1. Негізгі өндіріс факторларының бірі:

A

Жер

B

Жарнама

C

Телефон

D

Ақша айырбастау

  1. Экономикалық өсу дегеніміз не?

A

) Бағаның өсуі

B

Өндіріс көлемінің ұзақ мерзімді артуы

C

Халық санының азаюы

D

Салықтың төмендеуі

  1. Инфляция дегеніміз не?

A

Бағалардың жалпы деңгейінің өсу

B

Жұмыссыздықтың төмендеуі

C

Өндірістің тоқтауы Экспорттың өсуі

D

Экспорттың өсуі

Сұраныс дегеніміз не?























A

Тауар өндіру көлемі

B

Кәсіпорын табыс

C

Тұтынушылардың тауарды сатып алуға деген қажеттілігі мен мүмкіндігі

D

Мемлекеттік шығын

Ұсыныс дегеніміз не?

A

Сатушылардың нарыққа ұсынатын тауарлары мен қызметтері

B

Халықтың табысы

C

Банктің қарызы

D

Салық мөлшері