Телекоммуникация
Телекоммуникация
Телекоммуникация (лат. tele — «қашық, шалғай» және communicatio — «байланыс, қарым-қатынас») — әртүрлі ақпараттарды (мәтін, дыбыс, сурет, видео, деректер) радио, оптикалық немесе басқа электрмагниттік жүйелер арқылы алыс қашықтыққа тасымалдау және қабылдау жүйесі.
Оған негізінен мынадай байланыс түрлері жатады:
Сымды байланыс: Телефония, оптикалық талшықты кабельдер (Internet).
Сымсыз байланыс: Мобильді желілер (3G, 4G, 5G), Wi-Fi, спутниктік байланыс.
Телерадио хабарларын тарату: Радио және телевизия.
Телекоммуникацияның даму тарихы (Эволюция)
1837 жыл: Морзе телеграфы — электр сигналы арқылы алғашқы әріптер таралды.
1876 жыл: Александр Белл телефоны — алғаш рет адам дауысы сым арқылы жетті.
1895 жыл: Радио — ақпаратты сымсыз тасымалдаудың бастауы.
1973 жыл: Алғашқы мобильді телефон (Motorola DynaTAC).
1989 жыл: Бүкіләлемдік ғаламтордың (WWW) пайда болуы.
Қазіргі кезең: 5G, оптикалық талшық және спутниктік интернет (Starlink).
Телекоммуникацияның негізгі түрлері
Телекоммуникация байланыс тәсіліне қарай үш негізгі түрге бөлінеді:
Сымды байланыс — ақпарат кабельдер арқылы жеткізіледі. Оның негізгі түрлеріне Ethernet, оптикалық талшықты және телефон кабельдері жатады. Ethernet кабелі компьютерлерді жергілікті желіге қосады, оптикалық талшықты кабель ақпаратты жарық импульстары арқылы жеткізеді, ал телефон кабелі телефон байланысы мен кейбір интернет технологияларында қолданылады. Сымды байланыстың артықшылықтары — тұрақтылығы, сенімділігі және жоғары жылдамдығы.
Сымды байланыс — ақпарат кабельдер арқылы жеткізіледі. Оның негізгі түрлеріне Ethernet, оптикалық талшықты және телефон кабельдері жатады. Ethernet кабелі компьютерлерді жергілікті желіге қосады, оптикалық талшықты кабель ақпаратты жарық импульстары арқылы жеткізеді, ал телефон кабелі телефон байланысы мен кейбір интернет технологияларында қолданылады. Сымды байланыстың артықшылықтары — тұрақтылығы, сенімділігі және жоғары жылдамдығы.
3.Телерадио хабарларын тарату — радио және теледидар арқылы дыбыс пен бейне ақпараттарын тарату.
Телекоммуникация қалай жұмыс істейді?
1. Ақпарат көзі — мәтін, дыбыс, сурет немесе бейне пайда болады.
2. Жіберуші құрылғы — ақпаратты сигналға айналдырады.
3. Байланыс арнасы — сигналды қажетті қашықтыққа жеткізеді. Бұл үшін кабельдер, радиотолқындар, ұялы желілер немесе спутниктер қолданылуы мүмкін.
4. Қабылдаушы құрылғы — сигналды қабылдап, ақпаратты қайта қалпына келтіреді.
Телекоммуникация жүйесі ақпаратты бір құрылғыдан екінші құрылғыға жеткізу үшін бірнеше кезеңнен тұрады:
Мысалы, телефонмен сөйлескен кезде адамның дауысы сигналға айналып, байланыс желісі арқылы екінші телефонға жеткізіледі.
Телекоммуникацияның негізгі құрылғылары
Маршрутизатор (Router) — деректер пакеттерін қажетті желіге бағыттайды және үйдегі немесе кеңседегі Wi-Fi желісін ұйымдастырады.
Базалық станция — мобильді құрылғыларды ұялы байланыс желісіне қосады.
Оптикалық талшықты кабель — ақпаратты жарық импульстары арқылы жоғары жылдамдықпен жеткізеді.
Байланыс спутнигі — шалғай аймақтарда байланыс пен интернетті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Модем — құрылғылардың байланыс желісі арқылы деректер алмасуына қажетті сигналдарды түрлендіреді.
3G, 4G және 5G технологиялары
3G — мобильді интернетті пайдалануға, бейнеқоңырау шалуға және ақпарат алмасуға мүмкіндік берді.
4G — жылдам интернетті, бейнелерді онлайн көруді және үлкен көлемдегі деректерді тасымалдауды қамтамасыз етеді.
5G — жоғары жылдамдықпен деректер жеткізуге, кідірісті азайтуға және көптеген құрылғыларды бір желіге қосуға мүмкіндік береді.
Бұл технологиялар мобильді байланыстың дамуына және жаңа цифрлық қызметтердің пайда болуына ықпал етеді.
Телекоммуникация қазіргі өмірдің көптеген саласында қолданылады.
Білім беру: онлайн сабақтар, электрондық оқулықтар және бейнеконференциялар.
* Медицина: қашықтан кеңес беру және медициналық ақпарат алмасу.
* Бизнес: электрондық сауда, онлайн төлемдер және іскерлік байланыс.
* Көлік: GPS навигациясы және көліктің орналасқан жерін анықтау.
* Күнделікті өмір: телефон қоңыраулары, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және интернет.
Телекоммуникацияның қолданылу салалары
Телекоммуникацияның артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары:*
Ақпаратты жылдам жеткізеді.
Қашықтан мүмкіндік береді.
* Білім мен ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетеді. байланысуға
* Уақытты үнемдейді.
* Қашықтан оқу мен жұмыс істеуді қолдайды.
Кемшіліктері:
Байланыс желісінде ақаулар болуы мүмкін.
* Интернетке тәуелділік туындауы мүмкін.
* Жеке мәліметтердің таралу қаупі бар.
* Кибершабуылдар мен алаяқтық кездеседі.
* Кейбір байланыс технологияларын орнату қымбатқа түседі.
Білімді тексеру сұрақтары
Телекоммуникация дегеніміз не?
Телекоммуникацияның негізгі түрлерін ата.
Сымды және сымсыз байланыстың айырмашылығы қандай?
Оптикалық талшықты кабель ақпаратты қалай жеткізеді?
Wi-Fi мен Bluetooth қандай мақсатта қолданылады?
3G, 4G және 5G технологияларының айырмашылығы неде?
Телекоммуникацияның күнделікті өмірдегі үш мысалын ата.
Интернет қауіпсіздігін сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
«Төмендегі технологияларды тиісті топқа орналастыр. Әрқайсысының қандай байланыс түріне жататынын анықта».
Сымсыз байланыс:
Сымды байланыс:
спутниктік байланыс
4G
Bluetooth
Wi-Fi
Оптикалық талшық
Ethernet кабелі
кабель арқылы қосылған компьютер.
1. Үйдегі компьютерді интернетке тұрақты кабель арқылы қосу керек. Қай технологияны таңдайсың?
Bluetooth
Ethernet
Спутниктік байланыс
Wi-Fi
Телефоннан сымсыз құлаққапқа дыбыс жіберу керек. Қай технология қолданылады?
Оптикалық талшық
5G
Ethernet
Bluetooth
Ұялы байланыс жетпейтін шалғай аймақта интернет қажет. Қай технология көмектеседі?
Ethernet
FM радио
Bluetooth
Спутниктік интернет
Мұғалім оқушыларға интернет арқылы онлайн бейнесабақ өткізеді. Бұл қандай технологиялардың қолданылуына мысал?
Тек сымды телефон
Тек телеграф
Телекоммуникация және интернет
Тек Bluetooth
Бүгінгі сабақтың тақырыбын қаншалықты түсіндің?