Тізімдер
Тізімдер
Сабақтың тақырыбы
Телефондағы контактілер тізімі қалай ретке келтіріледі?
Бір сыныптың тест нәтижелерін қандай ретпен шығарған ыңғайлы?
Тізім дегеніміз не?
Тізім (List) — бұл бірнеше мәнді (элементті) бір айнымалыда сақтауға мүмкіндік беретін деректер құрылымы.
Ерекшеліктері:
Тізім элементтері өзгермелі (mutable) — оларды кейін өзгертуге, қосуға немесе жоюға болады. Әр түрлі деректер түрін (мәтін, сан, логикалық мән) бір тізімде сақтай алады. Құрылымы: Тізімдер квадрат жақша көмегімен жасалады: my_list = [1, "Сәлем", 3.14, True]
Элементтерге қол жеткізу (Индексация)
Python тілінде индекстер 0-ден басталады.
fruits = ["алма", "банан", "шие"]
print(fruits[0]) # Нәтиже: алма
print(fruits[-1]) # Нәтиже: шие (соңғы элемент)
fruits = ["алма", "банан", "шие"]
print(fruits[1])
second
алма
банан
шие
Код қате шығарады
Тізіммен жұмыс істеудің негізгі әдістері
append(x) — тізімнің соңына жаңа элемент қосады.
len() - кез келген объектінің ұзындығын, яғни ондағы элементтердің санын анықтау үшін қолданылады.
insert(i, x) — көрсетілген индекске элемент қосады.
remove(x) — көрсетілген мәні бар бірінші кездескен элементті жояды.
pop(i) — индекс бойынша элементті өшіріп, оны қайтарады.
sort() — тізім элементтерін сұрыптайды,бастапқы тізімнің өзін өзгертеді (жаңа тізім қайтармайды).
sorted()-бастапқы тізімді өзгертпейді, керісінше элементтері реттелген жаңа тізім қайтарады.
sort() пен sorted() айырмашылығы
list.sort() (Әдіс):
Не істейді: Бастапқы тізімнің өзін орнында өзгертеді (in-place).
Қайтаратын мәні: None (жаңа тізім жасамайды).
Қайда қолданылады: Тек тізімдер (list) үшін ғана.
sorted() (Функция):
Не істейді: Бастапқы тізімге тиіспейді, элементтері реттелген жаңа тізім қайтарады.
Қайтаратын мәні: Жаңа тізім (list).
Қайда қолданылады: Кез келген тізбектер үшін (тізім, кортеж, жол, т.б.).
Cәйкестендіру
minute
second
List.sort()
sorted()
Бастапқы тізімнің өзін өзгертіп, None мәнін қайтарады.
Тек тізімдерге ғана емес, кортеждер мен мәтін жолдарына (string) да қолдануға болады.
Ескі тізімді сол күйінде сақтап, сұрыпталған жаңа көшірмесін басқа айнымалыға жазу керек болғанда қолданылады.
Кодта a.____() түрінде нүкте арқылы тікелей тізімге тіркеліп жазылады.
a = [4, 1, 3]; b = sorted(a); print(a) – нені шығарады?
[4, 1, 3]
(4,1,3)
[3,4,1]
{1.4.3}
a = [4, 1, 3]; a.sort(reverse=True); print(a) – нені шығарады?
[3,4, 1]
[4, 3, 1]
(4,3,1)
[1,3,4]
a = a.sort() жазылғаннан кейін a-ның мәні не болады және неге?
a
Қате
Error
None
Сабақтан алған бір ақпарат жаз!!!!
Түсінбеген сұрақтарды да жаз!!!!