Олимпиада жеңімпаздары - Қазақстан мақтанышы

1 / 23
volgende
Slide 1: Tekstslide

In deze les zitten 23 slides, met interactieve quiz, tekstslides en 6 videos.

Onderdelen in deze les

Slide 1 - Tekstslide

Тыңдалым. вариант -1
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқаларды жұлдыз құрт немесе жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан, оны тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған.
Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіру жолын Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, құпия өндіру тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Олар жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың шашының арасына жасырған. Жібек жолы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады. (126 сөз)
Тапсырма №1.  Мәтін бойынша сұрақтар жаз. 
Тапсырма №2. Жібек жолы аталу себебін табыңыз. Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан.
Тапсырма №3.  Сөйлемді толықтырыңыз.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы жолдың аты жібек саудасына  байланысты шыққан. 
Жібек мата дайындау үшін  табиғи жібек талшықтары керек. [1]

Slide 2 - Tekstslide

Slide 3 - Tekstslide

 Олимпиада ойындары – жер жүзіндегі жарыстардың жарысы, төресі болып саналады. Қазіргі кезде күллі адамзат қауымы әлі Олимпиададан артық, Олимпиададан қызығырақ жарыс ойлап тапқан жоқ. Олимпиадалық ойындарды алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы аталған сақиналарды да таным белгі ретінде ұсынған екен. Бұл сақиналар бес түске боялған: көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Бес дөңгелек дүниенің бес бөлігін білдіреді: Америка, Еуропа, Азия, Африка және Мұхиттар. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір құрлық ретінде қаралса, Антрактида ол кезеңде назарда болмаған көрінеді.
  Олимпиадалық бес сақина 1914 жылы заңды түрде қабылданып, 1920 жылы  Бельгиядағы Олимпиадада сынға түсті. Халықаралық Олимпиада Комитетінің ұйғарымы бойынша, Олимпиада сақиналарының мағынасы: бес құрлықты да бәсекеге қатысуға, ат салысуға және бейбітшілікке шақыру, сонымен қатар, бес құрлықтың да спортшыларына өз бақтарын сынауға мүмкіндік берілетіндігін білдіру екен. (123 сөз)
Мәтіндегі ақпараттар                                                                                              Шын                   Жалған
А) Олимпиадалық ойындарды алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен
В) Бес дөңгелек дүниенің төрт бөлігін білдіреді
С) Олимпиадалық бес сақина 1920 жылы заңды түрде қабылданды
Д) 1920 жылы Бельгиядағы Олимпиадада сынға түсті
                                                                                                                                  [2]



Slide 4 - Tekstslide

Айтылым
1. Мамандық таңдау – ертеңді ойлау дегенмен келісесіз бе?
2. Ұлы жібек жолының өткен жерлерін айтыңыз.
3. Олимпиада жеңімпаздары туралы не білесіз?
4. Жер – Ана адамдарға өте ашулы. Неге?

Slide 5 - Tekstslide

Оқылым
           Ыбырайымов Ермахан - 2000 жылы Сидней қаласында өткен Олимпиадада алтын медальға ие болған атақты боксшы. Ол 1972 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Бокспен 13 жасында Тараз қаласында шұғылдана бастады. Алғашқы бапкері - Б. Қарсыбаев. Алматыдағы Спорт интернатта Х.Дүсіповтің, Қазақтың мемлекеттік Ұлттық университетінде Ә.Нұрмахановтың жетекшілігімен жаттықты. 1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен ХХҮІ жазғы олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері болды. 1999 жылы Aзия құрлығының ең үздік боксшысы атанды. 2002 жылдан бері бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері. Сидней олимпиадасындағы жеңісі үшін бірінші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Slide 6 - Tekstslide

 Ермахан Ыбырайымов
1996 ж Атлантада өткен ХХҮІ жазғы олимпиада ойындарының  қандай медаль алды?
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері ме?
Сидней олимпиадасындағы жеңісі үшін қандай орденмен марапатталды?
Бокспен неше жасында Тараз қаласында шұғылдана бастады?
Алғашқы бапкері - кім?

Slide 7 - Tekstslide

Slide 8 - Video

Slide 9 - Video

Slide 10 - Video

Мақалды толықтыр


Шынықсаң (крепкий) ------------- боласың
Спортпен (дружись) -------------- жалқаулықпен қоштас
Спорт (жизнь) --------------- көркі
Спорт (твой друг) -------------------------- серігің.
Спорт денсаулық (залог) ------------

Slide 11 - Tekstslide

Slide 12 - Video

Ел намысын қорғаған Бақтияр Артаев

Slide 13 - Tekstslide

Slide 14 - Tekstslide

Мен ... білдім.
Маған ... қиын болды.

Slide 15 - Open vraag

Slide 16 - Link

Slide 17 - Tekstslide

Slide 18 - Link

Slide 19 - Link

Slide 20 - Tekstslide

Slide 21 - Video

Slide 22 - Video

Slide 23 - Link