Дәріс № 4
Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы
Дәріс № 4
Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы
Ерік
– бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттеу қабілеті, өзінің барлық күшін
қойылған мақсатқа жетуге бағыттауды білдіретін ұғым.
Ерік – іс-әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы.
Іс-әрекетті орындау тұлғаның іс-әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы
болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару.
Еріктік іс-әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен
және т.б.), іс-әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған.
Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін
ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау болып табылады.
Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:
Ынталандырушы: объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.
Тұрақтандыру - әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастантерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.
Тежестіру - қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.
Түрткілер мен мақсаттарды таңдау;
Мотивацияның жетіспеушілігінен немесе көптігі кезінде әрекетке итермелеуді реттеу;
Адам орындайтын адекватты әрекеттер жүйесіне психикалық процестерді ұйымдастыру;
Қойылған мақсатқа жетуде кедергілерді жеңуге бағытталған психикалық және физикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.
Ерікті әрекеттер мен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс, басқаша айтқанда ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет, бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады.
Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс, адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрініп отырады.
Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатталады.
Еріктік амал кезеңдері
Мақсатты аңғару, қандайда қажеттілік өз түсінік деңгейіне орай құмарлық немесе тілек сипатын алады.
Қажеттіліктің арта тусуіне қарай құштарлық тілекке айналады.
Еріктік амалдың бастамасы - тілек деп атайды. Тілек дегеніміз мұрат түрінде өмір сүретін (адам миында) қажеттілік мазмұны. Тілек әрекетке мотив (іс-әрекетке түрткі) болуы мүмкін.
Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіру кезеңі. Әрқандай қылықтың түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілек сараптталып, бағаланады;
Тілек іс әрекет түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіліктің
айқындығымен ерекшеленеді.
Әр қилы қажеттіктер маңызының өзгеріске келуінен адамда түрткілер күресі басталалы, адам үлкен толғанысқа келіп, өз санасы мен сезімінің, қарабасы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама - қарсылықтарды жеңе алмай, өз «қалауы» мен сырттан қойылған міндет «талабына» түседі.
Түрткілер тартысының қорытынды сатысы шешім қабылдау болады.
Шешім қабылдау — бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі.
Шешім қабылдауда адамның білімі, қызығушылығы, дүниетанымы көрініс табады. Бұл процесстің маңызды ерекшелігін адамдар мен жағдайларға қарсы тұра алатын, күрделі, өзгермелі жағдайларда белгіленген мақсатты іске асыруды қолдап отыратын адамның еріктік мінезі құрайды.
Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.
•Интуитивтік шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізділген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.
•Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау.
Бұрыңғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады.
Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы
Сыртқы әлеммен өзара әрекеттесу кезінде адам алдына қойылған мақсаттарға, қоршаған шындықтың жеке ерекшеліктері мен жағдайларына, онымен қарым-қатынас жасайтын адамдардың ерекшеліктеріне байланысты өз қызметін жүзеге асырудың әр түрлі тәсілдерін таңдау жағдайымен үнемі кездеседі.
Сыртқы әлеммен өзара әрекеттесу кезінде адам алдына қойылған мақсаттарға, қоршаған шындықтың жеке ерекшеліктері мен жағдайларына, онымен қарым-қатынас жасайтын адамдардың ерекшеліктеріне байланысты өз қызметін жүзеге асырудың әр түрлі тәсілдерін таңдау жағдайымен үнемі кездеседі. Таңдау жағдайында белгісіздіктің төмендеуі тек реттеудің көмегімен мүмкін болады, ал психологиялық реттеу жағдайында – адамның өзі жағдайды зерттейтіні, өз қызметін өзі бағдарлайтыны, бақылап, түзететіндігі мағынасында өзін-өзі реттеу арқылы нәтижелерге жетеді.
Өзін-өзі реттеу екі формада болады – ерікті және еріксіз. Ерікті өзін-өзі реттеу (саналы) мақсатты белсенділікпен байланысты, ал еріксіз (бейсаналық) өмірді қолдаумен байланысты, мақсаты жоқ және организмде эволюциялық жолмен бекітілген нормалар негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен бірге өзін-өзі басқару мен өзін-өзі реттеудің ұқсастықтары бар: олар субъект өмірінің оңтайлы деңгейіне жетуге бағытталған. Субъекттің жұмыс істеуінің оңтайлы деңгейіне жету – бұл мақсат, ал өзін-өзі басқару және ерікті өзін-өзі реттеу осы мақсатты жүзеге асырудың тетіктері болып табылады, соның арқасында бүкіл психикалық құбылыстар жүйесінің элементтері жүйелі түрде өзгеріп отырады.
Өзін-өзі реттеудің жалпы заңдылықтары жүйке іс-әрекетінің нақты жағдайлары мен ерекшеліктеріне байланысты, субъектінің жеке қасиеттері мен оның іс-әрекетін ұйымдастырудағы әдеттеріне байланысты жеке түрде жүзеге асырылады.