Адам анатомиясы
Адам анатомиясы
Жоспары
Тақырыбы: Адам анатомиясы
Сабақ мақсаты:
•Адам ағзасының негізгі жүйелерін білу
•Әр жүйенің қызметін түсіндіру
•3D модель арқылы визуалды түсіну
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар:
✔ Адам ағзасының құрылымын атайды
✔ Негізгі мүшелердің қызметін түсіндіреді
✔ 3D модельмен жұмыс жасайды
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Қызығушылықты ояту
3.Негізгі бөлім
3Д көрсету
4.Топтық жұмыс
5.Бекіту
6.Қорытынды
7.Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
СӘЛЕМДЕСУ
Сыныпты топқа бөлу
(3топ)
1.ЖҮРЕК
2.ӨКПЕ
3.МИ
Text
Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.
Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды.
Адам ағзасы – біртұтас қызмет ететін, өзара байланысқан 10-нан астам жүйеден (тірек-қимыл, жүйке, қанайналым, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару, эндокриндік, иммундық және т.б.) тұратын күрделі биологиялық құрылым.Олар тіршілікті, зат алмасуды, реттелуді және сыртқы ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесі Тірек-қимыл жүйесі Жүрек-қантамыр жүйесі
Тыныс-алу жүйесі Ас-қорыту жүйесі Зәр шығару жүйесі
Эндокриндік жүйе Иммундық жүйе Жабынды жүйе(тері)
Адам ағзасы жүйелерінің қызметі
Сүйек-қимыл жүйесі (қаңқа және бұлшықет): Денеге пішін беріп, тірек және қозғалыс қызметін атқарады.
Зәр шығару жүйесі: Ағзадан улы қалдықтарды бөліп шығарады.
Жүрек-қантамырлар жүйесі: Оттегі мен қоректік заттарды барлық мүшелерге тасымалдайды.
Тыныс алу жүйесі: Оттегіні қабылдап, көмірқышқыл газын шығарады.
Ас қорыту жүйесі: Тамақты қорытып, қоректік заттарды сіңіреді.
Жүйке жүйесі: Ағзаның барлық мүшелерін басқарады және сыртқы ортамен байланыстырады.
Эндокриндік жүйе: Гормондар арқылы процестерді реттейді.
Иммундық жүйе: Ағзаны аурулардан қорғайды.
Жабынды жүйе (тері): Ағзаны сыртқы әсерлерден қорғайды.
Адам ағзасының құрылысын,мүшелерін және олардың орналасуын зерттейтін ғылым?
Физиология
Анатомия
Биотехнология
Генетика