2.3 Химиялық реакция типтері

ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ
ТИПТЕРІ

1 / 11
volgende
Slide 1: Slide
newEditor

In deze les zitten 11 slides, met tekstslides.

Dit is niet oké

Onderdelen in deze les

ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ
ТИПТЕРІ

Біздің айналамызда қандай химиялық реакциялар жүріп жатыр?

Оқу мақсаттары:

8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу

Химиялық реакциялар

  • Химиялық реакциялар - бұл жаңа заттар түзілетін құбылыстар.

  • Химиялық реакцияларды келесідей жіктеуге болады: қосылу, ыдырау (айырылу), орынбасу және алмасу реакциялары.


1. Қосылу реакциясы

  • Қосылу реакциясы кезінде екі не одан да көп заттар әрекеттесіп, бір қосылыс пайда болады.

  • Мысалы, күкіртті жақсақ (ол көптеген жанғыш отындар ішінде бар), ол оттекпен әрекеттесіп, күкірт диоксидін түзеді:

S + O2 → SO2

  • Ал, күкірт диоксиді SO2 оттекпен O2 қосылып, күкірт триоксидін SO3 бөледі:

2SO2 + O2 → 2SO3

  • Ең соңында, түзілген күкірт триокиді SO3 ауадағы сумен H2O әрекеттесіп, күкірт қышқылын H2SO4 түзеді:

SO3 + H2O → H2SO4


Күкірттің жануы

1. Қосылу реакциясы

  • Реакцияның бұл түрінде бірнеше зат бірігіп, бір күрделі қосылыс түзеді, бұл реакция типі қосылу реакциясы деп аталады.

  • Қосылу реакциясының сызбасын мына түрде келтіруге болады:


2. Айырылу (ыдырау) реакциясы

  • Су бойынан электр тогын өткізген кезде, су молекулалары сутек пен оттек молекулаларына ыдырайды:

2H2O → 2H2 + O2

  • Күрделі қосылыстан жай заттар бөлініп шығатын реакция түрі айырылу (ыдырау) реакциясы деп аталады.

  • Айрылу реакциясының жалпы сызбасы:



Су электролизі

3. Орынбасу реакциясы

  • Металдарды оксидтерінен тотықсыздандырып, бөліп алу орынбасу реакциясына мысал болып табылады. Тотықсыздандырғыш ретінде көбіне CO мен H2 газдары қолданылады. Мысалы, магнетит минералына сутек қосып қыздыру арқылы таза темір металын алуға болады:

Fe3O4 + 4H2 → 3Fe + 4H2O

  • Жоғарыда көрсетілген реакцияда Fe3O4 қосылысынан сутек темірдің орнын басып, су мен темірді түзеді. Бір заттың екінші затты ығыстырып, орнын басып әрекеттесуі орынбасу реакциясы деп аталады.

  • Орынбасу реакциясының сызбасы:


Темірдің мыс сульфатымен әрекеттесуі

4. Алмасу реакциясы

  • Алмасу реакциясында қосылыстардың құрамындағы бөлшектер өзара алмасып, екі жаңа қосылыс түзеді. Мұндай реакцияларда екі әрекеттесуші заттар екі өнім түзеді.

  • Алмасу реакциясын жалпы түрде былай көрсете аламыз:



  • Мысалы, калий хлориді KCl ерітіндісі мен күміс нитраты AgNO3 ерітінділері өзара әрекеттескенде атомдары алмасып, жаңа қосылыстар - күміс хлориді AgCl мен калий нитраты KNO3 пайда болады:

KCl + AgNO3 → KNO3 + AgCl


Күміс хлориді тұнбасы

Металдың әртүрлі қышқылдармен реакциясы

Бекіту тапсырмасы:

Төмендегі реакция теңдеулерін жіктеңіз:

a. Fe(қ) + 2HCl(ер.) → FeCl2(ер.) + H2(г)

b. Pb(NO3)2(ер.) + Na2SO4(ер.) → 2NaNO3(ер.) + PbSO4(ер.)

c. 2K(қ) + Cl2(г) → 2KCl(қ)

d. MgI2(ер.) + Br2(с) → MgBr2(ер.) + I2(с)