ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАҒЫ ЗЕРТХАНАЛАР

ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАҒЫ ЗЕРТХАНАЛАР

1 / 15
volgende
Slide 1: Slide
newEditor9 апта дәрісTertiary Education

In deze les zitten 15 slides, met interactieve quizzen en tekstslides.

Dit is niet oké

Onderdelen in deze les

ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАҒЫ ЗЕРТХАНАЛАР

Дәрістің мақсаты:

Виртуалды және қашықтықтағы зертханалардың мәнін түсіну;

Олардың құрылымы мен ерекшеліктерін білу;

Оқу процесінде тиімді қолдану жолдарын меңгеру.

Виртуалды зертханалар дегеніміз не? және олардың түрлері

Виртуалды зертхана – компьютерлік модельдеу арқылы тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беретін цифрлық орта. Мысалы:

1. PhET Interactive Simulations

  • Физика, химия, математика пәндеріне арналған интерактивті симуляциялар

  • Мысалы:

    • Электр тізбегін құрастыру

    • Газ заңдарын зерттеу

    • Қышқыл-негіз реакциялары

  • Ерекшелігі: визуалды, қарапайым, тегін
    Студенттер тәжірибені қауіпсіз ортада орындай алады

Chem Collective

  • Химия пәніне арналған виртуалды зертхана

  • Мысалы:

    • Реактивтерді араластыру

    • Ерітінді дайындау

    • Химиялық талдау жүргізу

  • Ерекшелігі: нақты зертханадағыдай тәжірибе жасауға болады;

  • BilimLand Virtual Lab

    • Қазақстандық платформа

    • Мысалы:

      • Физика (толқын, жарық)

      • Химия (реакциялар, ерітінділер)

    • Ерекшелігі: оқу бағдарламасына сәйкес https://bilimland.kz/kk/courses/simulation


Артықшылықтары:

  • Толық қауіпсіздік: Қауіпті жағдай жоқ

  • Шексіз қайталау: Қателессеңіз де, қайтадан жасау оңай

  • Жылдамдық: Процестерді тездетуге немесе баяулатуға болады

  • Қолжетімділік: Арнайы құрал-жабдық қажет емес

  • Арзан: Нақты лабораториямен салыстырғанда шығыны аз

Кемшіліктері:

  • Шынайылықтың төмендігі: Нақты тәжірибенің толық сезімі жоқ

  • Модельге тәуелділік: Бағдарлама қателігі немесе шектеуі болуы мүмкін

  • Практикалық дағдының аз дамуы: Қолмен жұмыс істеу тәжірибесі жетіспейді

  • Барлық процестерді қамтымауы мүмкін

Қашықтықтағы зертхана – нақты зертханалық құрылғыларды интернет арқылы басқару арқылы тәжірибе жүргізу.

Мысалы:

  • Онлайн басқарылатын микроскоп

  • Қашықтан физикалық құрылғыларды іске қосу

Қашықтықтағы зертханалардың түрлері

  • iLab (MIT Remote Laboratory) – нақты жабдықпен қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйе.

  • Labster – 3D модельдер мен симуляциялар арқылы студенттерге тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Яғни, бұл — компьютерлік ортада зертханалық жұмыстарды орындауға арналған интерактивті жүйе.

  • https://my.labster.com/ref/c56d1874697045d/simulation/646e30faeb8c158b84f12f86?attemptId=69e370f96d856786dfa67d69

  • Go-Lab (https://www.golabz.eu/) – мектептер мен ЖОО үшін арналған ашық зертханалық орта.


Артықшылықтары:

  • Нақты тәжірибе: Студент шынайы құрылғылармен жұмыс істейді

  • Қолжетімділік: Кез келген жерден қосылуға болады

  • Қауіпсіздік: Қауіпті тәжірибелерді қашықтан орындау мүмкін

  • Қымбат жабдыққа қолжеткізу: Университетке бармай-ақ пайдалану

  • Кемшіліктері:

  • Интернетке тәуелділік: Байланыс нашар болса, жұмыс қиындайды

  • Кідіріс (lag): Нақты уақыттағы бақылау шектелуі мүмкін

  • Құралға кезек: Бір уақытта көп адам қолдана алмайды

  • Техникалық ақаулар: Жабдық істен шықса, тәжірибе тоқтайды

1. Қашықтықтағы зертхананың (remote lab) басты ерекшелігі қандай?

A

Барлық тәжірибелер тек модельдеу арқылы жүргізіледі

B

Нақты құрылғыларға физикалық қатысу міндетті

C

Интернет арқылы нақты құрал-жабдықтарды басқару жүзеге асады

D

Компьютерлік модельдер арқылы тәжірибе жасау

Виртуалды зертханалардың маңызды артықшылығы қандай?

A

Эксперимент нәтижелері әрдайым нақты өмірге толық сәйкес келеді

B

Қауіпті тәжірибелерді қауіпсіз және шексіз қайталау мүмкіндігі

C

Құралдардың физикалық тозуын бақылау

D

Нақты құралдармен тікелей әрекеттесу

Қай платформа нақты зертханалық құралдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді?

A

Labster

B

PHET

C

Chem collective

D

iLab (MIT Remote Laboratory)

БПП311

БПҚ312

БПҚ 311

МҚ 311

ИҚ

Виртуалды зертханалар шынайы тәжірибені толық алмастыра ала ма? Неліктен?

БПҚ 311

БПП 311

ИҚ

БПҚ 312

МҚ 311

Қашықтықтан зертханаларда нақты құрылғылар қолданылғанымен, қателік қаупі бар ма? Егер бар болса, оны қалай азайтуға болады?

Қашықтықтағы зертханалар мен виртуалды зертханалардың айырмашылықтарын нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз. Қай жағдайда қайсысы тиімді?

Start typing...Start typing...

Start typing...

Start typing...
Start typing...
Start typing...

Сәйкестендіру

Қашықтықтағы зертхана

Виртуалды зертхана

Датчиктер арқылы нақты деректер жиналып, онлайн платформаға жіберіледі

арқылы нақты деректер жиналып, онлайн платформаға жіберіледі

Оқу процесі толық симуляцияланған ортада өтеді, аппараттық құралдар жоқ

Тәжірибе нәтижелері компьютерлік модель арқылы алдын ала есептеледі, нақты құрылғы қолданылмайды

Нақты құрал-жабдықтарды интернет арқылы басқару

Компьютерлік модельдер арқылы тәжірибе жасау

Физикалық тәжірибе виртуалды ортада имитацияланады

Студент нақты құрылғымен жұмыс істейді, бірақ ол басқа жерде орналасқан